Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі

2017 жылдың 20-21 сәуір күндері Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасында II Республикалық  «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалін ұйымдастырды.                                                                                           

Фестивальге республикамыздың  әр қаласынан жиналған 9 театр ұжымы қатысты. Әділ қазылар алқасының төрайымы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Гүлсина Мерғалиева болса, құрамына: облыстық мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева,  Т.Ахтанов театрының бас суретшісі, сценограф Айбек Орынбасар,  өнертану кандидаты, доцент, театр сыншысы Анар Еркебай, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Ардақ Қонақбаева кірді.                Қазылар алқасының шешімімен театр ұжымдары төмендегі номинациялармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

 -«Ең үздік қойылым» - «Қыз Жібек» спектаклі (авторы: Ғ.Мүсірепов, режиссері: Қуандық Қасымов) Жамбыл облыстық қазақ драма театры;                                                                            

-«Ең үздік режиссерлік шешім» - «Қасірет» спектаклі үшін. (авторы: Р.Отарбаев, режиссері Фархат Молдағали) С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры;                    

-«Ең үздік сценографиялық шешім» - суретші Әсия Құрманалина  «Шапан» спектаклі үшін. (авторы: Н.В.Гоголь, режиссері: Мейрам Хабибуллин) Облыстық «Алақай» қуыршақ театры;                                                                                                               

-«Театр өнерінің тарланы» (Қуандық Қасымов);                                                                   

 -«Ең үздік ер адам бейнесі» - актер Данияр Базарқұлов «Ол» спектаклі үшін; (авторы: Е.Аманшаев, режиссері.Е.Карибаев) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;                                                          -«Ең үздік актерлік ансамбль» Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жанынан құрылған Жастар театры «Қымбатты, Елена Сергеевна»  спектаклі үшін. (авторы: Л.Разумовская, режиссері: Алдын Салбанов);              

 -«Эксперименталды  ізденіс үшін» (4 театр ұжымы): Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының қазақ труппасы «Әйел сыры» спектаклі үшін (авторы: Б.Абдуразак, режиссері: Мейрам Хабибуллин, Ақтөбе қаласы), Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры «Play» спектаклі үшін (авторы: С.Беккет, режиссері Евгения Пермяков, Қарағанды қаласы), Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры «Тор» спектаклі үшін (авторы: В.Коняев, режиссері: Мұратбек Оспанов, Кокшетау қаласы), Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жанынан құрылған «Лестница» шығармашыылық лабораториясы «Вредные советы для взрослых» спектаклі үшін (режиссері: Ольга Павлова, Ақтөбе қаласы).