Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Пьеса Әскердегі күнделік

Әскердегі күнделік!

(Әскери романтикалық комедия)

 

Эпилог: Военные не ходят в цирк,

если ходят то не смеются.

Кейіпкерлер:

Төреш Көпжасаров сарбаз

Арслан Оңтұрғанов  сарбаз

Шах Сағиев сарбаз

Мәди Исмамбетов сарбаз

Марат Астамиров сарбаз

Подполковник Темірұлы

Мойор Игілікұлы

Капитан Болатұлы

Медбике

Асханашы апай

Сарбаздар

Бейтаныс қыз

 

Оқиға Әскери техникалық мектепте өтеді

 

 

 

І – АКТ

1-көрініс

әскери алаң, плац

сахнада бір топ әскер тізіліп тұр

Төреш: Күнделік: Сәлем күнделік, бүгін қаншама жыл бойы қашып жүрген военкоматтан ұсталып, 1- жыл болмаса да ең болмағанда 40 күндік әскери міндетпен өз борышымды өтеуге келдім

Сахнадан дауыс естіледі

Арслан: Шақырушы Көпжасаров

Төреш: Мен

Арслан: Сапқа

Төреш: Құп болады

Төреш сахнада тізіліп тұрған сарбаздар арасына барып қосылады.

Подполковник шығады.

Подполковник: Армысыздар сарбаздар

Үнсіздік

Подполковник: Ой сендердіме! Мен амандасқанда, «Саулығыңызды тілеймін Подполковник мырза» дейсіңдер, бұл әсери амандасу. Ұқтыңдарма?

Сарбаздар: Дәл солай

Подполковник: Армысыздар сарбаздар!

Сарбаздар: Саулығыңызды тілеймін Подполковник мырза

Подполковник: Мен подполковник Азиз Темірұлы сендердің аға оқытушыларыңмын. Сап түзел! Тік тұр! Оңтұрғанов

Арслан: Мен

Подполковник: Сағиев

Шах: Мен

Подполковник:Астамиров

Марат: Мен

Подполковник: Исмамбетов

Мәди: Мен

Подполковник: Копжасаров?

Төреш: Мен

Подполковник: Дұрыстап еркек сияқты тұрыңдар! Бұл сендерге еркелейтін жер емес, это не университет девичых красавец. Бұл Армия! (тұрған жерді көрсетіп) Бұл плац сендердің 40 күн бойы саптық дайындық жасайтын жерлерің! Түсінікті ме?

Сарбаздар: Дәл солай

Подполковник: Қазір араларыңнан, кейбіреулеріңе әскери қызмет тағайындаймын, олар өз міндеттерімен міне мына кітапты оқып таныссын.

Қалтасынан кітапша алып шығып көрсетеді, сарбаздардың бірін нұсқап

Подполковник: Сен Фамилияң кім?

Арслан: Мұңтырғанов Арслан

Подполковник: Взвод командирі боласың

Арслан: Құп болады

Подполковник: Сен?

Марат: Астамиров Марат

Подполковник: Бағбан боласың

Марат: Құп болады

Подполковник: Сен....

Подполковник сарбаздарға қызметтерін атап жатады

2-көрініс

Төреш: Күнделік: Маған ешқандай міндет берілмеді, мен қарапайым шақырушы Копжасаровқанамын. Ал бұл жер біздің ендігі үйіміз.

Казарма іші, сарбаздар, подполковник

Подполковник: Бұл сендердің жататын орындарың, мен қазір төсекті қалай дұрыс жинайтынын көрсетемін, бір-ақ рет, есте сақтап алыңдар. Әр күн сайын таңертең тексеріс болады, егер біреуің де төсек дұрыс жиналмаса, аюға циркте велосипед үйреткендей қыламын. Түсінікті ме?

Сарбаздар: Дәл солай

Подполковник төсекті әскери тәртіп бойынша жинайды

Подполковник: Көрдіңдер ме?

Сарбаздар: Дәл солай

Подполковник: Қазір көреміз түсінгендеріңді, екіншіден (ақ материалды алып шығады) бұл ақ жаға бұны да өздерің тігесіңдер, сарбаз тап тұйнақтай болуы қажет, жаға сіріңкенің бойындай ғана шығып тұрады. Міне мына кітапшаның ішінен қалай тігу керектігін үйреніп алыңдар. Кешкі тексеріске дейін жағаларың тігулі, төсектерің жинаулы болуы керек.

Сарбаздар: Құп болады

Подполковник: ендеше Кірісіңдер!

Шығып кетеді.

Сарбаздар лезде жаға тігіп, төсек жинаумен айналысады.

Шах: (Арсланға) Сен біздің командирімізсің бе?

Арслан: иә

Шах: Біз саған бағынуымыз керек пе сонда?

Арслан: Устав бойынша солай

Шах:Устав мустав оларға түкіргенім бар, басқасын білмеймін, маған пол жууға болмайды

Арслан:Қалай болмайды

Шах: Солай маған болмайды

Арслан: Бауырым заң бәріне бірдей, иә өз еркіңмен істейсің, иә саған жасатады.

Шах: Оны көре жатармыз. (дауыстап) Так жігіттер маған жаға тігіп беретін адам бар ма?

Кетеді.

Төреш төсегін жинай алмай жатқан балаға жақындап

Төреш: Достымм кел түсіндірейін, міне былай (Төсегін дұрыстап салып береді)

Марат: Ракымет, Есімін кім болады?

Төреш: Төреш

Марат: Марат

Төреш: Қазақша жақсы сөйлейді екенсің, қай ұлтсың?

Марат: Шешенмін

Төреш: Танысқаныма қуаныштымын

Сәл толықтау келген жігіт дауыстап

Мәди: Ееех үйді сағындым! (мұңдана)

Арслан: Мәди келгенің жаңа ғой?

Мәди: Әжемнің ыстық бауырсағы мен айран болса ғой!

Төреш: (кекетіп) Иә, қазір кешкі аста жейсің.

Мәди: Бүгін бірінші күн ә? Енді 39 күн шыдасақ

Арслан: иә, дұрыс айтасың сенің ыстық бауырсақ жеуіңе тура 39 күн қалды!

Сарбаз жүгіріп келеді

Сарбаз: Построение дейді.

Бәрі жүгіріп кетеді.

3-көрініс

Төреш: Күнделік: Иә осылай взводтағы жолдастармен таныстық, кешкілік тексеріс жасады, тамақтандырды. Жарайды, бізге 5 минуттан соң отбой деген! Барып жатайын

Бәрі жатып қалған, Төреш кителін шешіп жатқанда Подполковник кіріп келеді.

Подполковник: Не жүріс мынау? Мен сендерге не дедім? Отбойдан 1 минут өтті. Қазір сендерге үйретейін! Взвод «Подъем» (бәрі атып тұрып асығыс киінеді) «Отбой» (бәрі шешініп жата қалады) 1минут 15 секунд үлгермедіңдер. Подъем 1-10 секунд, Отбой 1-05 секунд, Подъем, Отбой, Подъем, Отбой. Жатыңдар! Енді бір дыбыс шықса, берудің жүргенін көрсем далаға шығып жүгіресіңдер.

Кетеді

Үнсіздік

4-көрініс

Төреш: Мұнда Армияда күн ұзақ, түн қысқа! Взвод! Подъем!

(Таң, сарбаздар атып тұрып киіне бастайды)

Мәди: Таңғы асқа не жейді екенбіз?

Марат: Фуршет болады.

Мәди: Қойшы? Рас па?

Марат: Иә жаңа терезеден көріп қалдым, швейцарский поварлар жүрген.

Арслан: Жігіттер тездетіңдер. Плацқа жиналамыз!

Шах: (Төрешке) тез қимылда! Сен үшін тағы 10км жүгіргім кеп тұрған жоқ.

Арслан: Болды жігіттер жиналамыз.

Плац

Подполковник: Армысыздар сарбаздар!

Сарбаздар: Саулығыңызды тілеймін Подполковник мырза

Подполковник: Таңғы жаттығуда қанша круг жүгірдіңдер?

Арслан: 7 круг

Подполковник: Шаршадыңдар ма?

Сарбаздар: Мүлдем жоқ!

Подполковник: Жақсы. Сендерге сұрақ. Дәлірек саған (бағбанды нұсқап) Қазақстанда неше облыс бар?

Марат: 14

Подполковник: 14? Ал Америкада неше штат бар?

Марат: 50

Подполковник: Міне! Америкада қанша штат барын білесіңдер, ал Қазақстанда қанша облыс барын білмейсіңдер, ұят ай упор лежа принять.1-2, 1-2, 1-2, 1-2..... Отставить қазір тамақтануға барасыңдар, ары қарай бүгінгі күннің кезекшіліген Мойор Игілік ұлына тапсырамын. Солға бұрыл. Асханаға қарай қадам бас!

 

5-көрініс

Асхана

Көбі тамақ талғап жемейді, ал Мәди біреулердікін сұрап жейді

Арслан: Қалай Мәди әжеңнің тамағына жете ме екен?

Күледі

Марат: Фуршет қалай ұнап жатыр ма?

Мәди: Шын айтқан шығар деп 7 кругты жан аямай жүгірсем. Өйтіп қалжыңдамаңдар мен сенгішпін.

Асханашы апай щығады, бәрін қарап өтеді

Асханашы: Цәп цәп цәп. Балапандар жей қойыңдар. (өзіне) Араларыңда маған күйеу бала болатын біреу бар ма екен?(Арсланға жақындап) балам сен кім боп жұмыс жасайсың?

Арслан: Инжинермін

Асханашы: оооо цәп, цәп цәп, Ин-жи-нер! Жей ғой, Атың кім?

Арслан: Арслан

Асханашы: Арслан. Жақсы есім. Добавка салып берейін. Қызың барма балам?

Арслан: Бар

Асханашы: (бірден тонын өзгертіп) Тез же тамағыңды, не сөйлеп отырсың? (Төрешке жақындап) Сен қайда жұмыс жасайсың?

Төреш: Ұстазбын, колледжде сабақ беремін

Асханашы: ым Ұстаз(түрін тыжырайтадыМәдиге қарап) сен қайда жұмыс жасайсың?

Мәди: Мен сату маманы, биржа, бухгалтермін.

Асханашы: Бух-гал-тер!(түрі жайнап кетеді) Қызың барма кім?

Мәди: Мәди

Асханашы: Қызың бар ма Мәди?

Мәди: Жоқ

Асханашы: Цәп! Цәп! Цәп!

Төреш: Күнделік: Өздеріңіз байқағандарыңыздай, асханашы апай біртүрлі, ол өзінің беймәлім қызына сарбаздар арасынан күйеу бала іздееп жүр.

Арслан: Взвод тамақтануды доғар! Тұрыңдар! Аспазшыларға!

Сарбаздар: РахМет

 

6-көрініс

Плац, сарбаздар Мойор Иглікұлы

Мойор: Саламатсыңдарма сарбаздар!

Сарбаздар: Саулығыңызды тілеймін Мойор мырза

Мойор: Как дела голубки! Жақсы ұйықтадыңдарма?

Марат: Дәл солай!

Мойор: Қалай? Кормят хорошо?

Марат: Дәл солай!

Мойор: Армияға үйреніп жатсыңдар ма?

Марат: Дәл солай

Мойор: Ей сен қойш! Дәл солай, дәл солай (бәрі күледі) Че хочеш көтенге кіруге! Тәк сарбаздар бүгінгі сабақ, саптық жүріс! Ең маңыздысы ертең директор келгенде күшті қып аяқтарыңды көтеріп, бастарыңды түзу ұстап жүретін болсаңдар, вот каждыйыңның шалбарларыңды түсіріп и ваш көтен поцелую! Ремнем! Вот так вот. Не подведите меня! Сосын саптық ән жаттау керек.

Арслан: Мойор мырза можно?

Мойор: Можно? Можно Машку за ляшку! Айтуға болама емес, айтуға рұқсат етіңіз.

Арслан: Айтуға рұқсат етіңіз Мойор мырза

Мойор: Айт

Арслан: Бізде ән дайын

Мойор: оо это уже прогресс, Наверное вчера Темирович вас жестко(қолымен көрсеттіп) Дұрыс. Так оңға бұрыл! Әндетіп алға бас!

Сарбаздар: Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем.

 

7-көрініс

Казарма

Мәди: Бүгінгі Мойор жақсы ә

Марат: Айтпа кешегі подполковник түнімен түсіме кіріп шықты.

Арслан: Мәди, бүгін асханаға барған сайын, асханашы апай саған қайта қайта добавка беріп.

Шах: Қызына күйеу іздеп жүр кажется.

Мәди: Қойыңдар

Марат: Приставьте  қызына күшпен үйлендіріп алса

Шах: Еще қызы өзі сияқты жирный шығар

Марат: жасы 30дан асып кеткен әрі

Мәди: Болды ертеңнен бастап добавка жемеймін!

 

Төреш: Күнделік: осылай күндеріміз күн өткен сайын күрделі, әрі қызық бола түсуде. Бүгін 5-күн медициналық тексерістен өтеміз. Взвод Подъем!

 

ІІ- Акт

Медпункт.

Сарбаздар кезекте тұр

Арслан: Автоматты шашып жатқанда саусағымды ауыртып алдым, как раз оратып алмасам.

Шах Медпунктан шығып бара жатып екеуіне

Шах: ЕЕее... Медбикені көрсеңдер ғой... персик қой персик.(Төрешке) ана сен оқитын кітаптарыңнанда ондай қыз кездестіре алмайсың.

Төреш: Армияда жүрміз ғой қайдағы қыз? Тіпті хор қызы болса да устав деген бар!

Медбике дауыстап

Медбике: Келесі

Төреш бөлмеге кіріп медбикені көрген бойда тұрып қалады

Медбике: Аты-жөніңіз?

Төреш: (үнсіз)

Төреш: Күнделік: Мен шын мәнінде армияда жүрмін бе өзі? Білесіздерме, мен 6 жыл бойы армиядан қашумен келем, егер де біреу  Ей сен армияға барсаң ол жақта әлемдегі ең әдемі қызды кездестіресің десе, баяғы да ақ келер ем ғой бұл жерге.

Медбике: Оу Есіміңіз?

Төреш: (тағыда үнсіз)

Медбике: Сарбаз, тіліңізді жұтып қоймадыңызба?

Төреш: Ой иә, кешіріңіз.

Медбике: Иә? Жұтып қойсаңыз қалай сөйлеп тұрсыз?

Төреш: Түсінбедім?

Медбике: Атыңыз кім?

Төреш: Төреш Көпжасарұлы(чест береді)

Медбике: Маған чест берудің қажеті жоқ. Еш жеріңіз ауырмайма?

Төреш: Бұған дейін сау едім, қазірден бастап бір дерт жұқтырғандаймын.

Медбике: Аха қай жеріңіз ауырады

Төреш: імм, ол?!

Медбике: Мхм, қай жеріңізге шағымданасыз?

Төреш: Міне (жүрегін көрсетіп) мына жерім.

Медбике: Кеудеңіз? Біреу ұрды ма?

Төреш: иә

Медбике: Кім ұрды?

Төреш: Сіз

Медбике: Мен?

Төреш: Ешкім ұрмады, мен жай, маған кету керек.

Медбике: Ешқандай шағымыңыз болмаса, мына жерге қол қойыңыз

Төреш медбикеге қараған күйі қол қойып, шығып кетеді.

Медбике: (өзіне) Қызық адам екен.

2 – көрініс

Казармада Төреш жалғыз

Төреш: Күнделік: ол, ол (Күледі) Қалай айтсам екен, (өзіне) хор қызы болса да деп қоямын? Хор қызына ол болу қайда. Айтпақшы есімі кім? Ах топас өмірі қыз көрмегендей сандырақтап. Ех Төреш Төреш. Дәптеріне өлең жазады

Халатты қыз

Жмиысыңмен өзіңе қараттыңыз

Дәл қазір, көзім, жүрек үшеуіміз

Өзіңізден дәрумен қалап тұрмыз.

 

Дәрігер қыз

Кездескенде неліктен әбігерміз

Осы жерім (жүрегі) жағымды ауырады

Жеделдетіп жаныма дәрі бер қыз

 

Медбике қыз

Қысыламыз неліктен текке үйтеміз?

Сіз дегенде....

Казармаға Шах кіріп, оқып жатқан өлеңді естіп қояды.

Шах: Браво браво өзің бір ақын екенсің! (жұдырығын түйіп) Мынау жұдырығыма жақын екенсің! (таяп келіп) қысқасы Мұқағали! Ол қыз менікі, мен бұрын таныстым. Тыныш жүрмесең медбикеге емес хирургқа зар болып қаласың.

Төреш: Сенің менде не өшің бар осы? Әлде наныңды алып қойып па ем?

Шах: Оххо, Мұқағалиың Мұхаммед Әли болып кетті ғой! Тыңда достым сендейлердің талайын сындырғам, мүмкіндік беріп тұрғанда үндемей ғана көне сал!

Төреш: Көнбесем ше?

Шах: (жақындап кеп көзбен қадалады)

Казармаға сарбаз келеді

Сарбаз: Построение деп жатыр жүріңдер!

Шах: Бұл жолы жаның қалды! Келесіде сөз таластырып тұрмаймын!

Кетеді.

 

3-Көрініс

Мед пункт

Телефонмен сөйлесіп отыр

Медбике: Иә әке, түсіндім. Жұмыстан соң бірден үйге қайтамын. Жақсы, үйде жолыққанша.

Есік түртеді, Төреш кіреді.

Төреш: Медбике ханым кіруге рұқсат па?

Медбике: Кіріңіз! Сіз бүгін келіп едіңіз ғой!

Төреш: Иә келгем, бағана қай жерім ауыратынын ұялып айтпап едім.

Медбике: Енді есіңізге түстіме?

Төреш: Иә! Мінекей.(шынтағын ашып көрсетеді)

Медбике: (Медбике қолын ұстайды) Осы жер ме?

Төреш: Иә! (көзі медбикеде)

Медбике: (Сәл төмен ұстап) Осы жеріңіз?

Төреш: Иә!

Медбике: (алақанын ұстап) Осы жеріңіз?

Төреш: Иә иә!

Медбике: (Өтірік айтып тұрғанын түсініп, мүлде басқа жерді көрсетеді) Осы жер ше?

Төреш: Иә қатты ауырып тұр!

Медбике: (бетінен салып қалады) сіз ойнап тұрмысыз!

Төреш: (таңырқап) Қолыңыз неткен...

Медбике: Қатты дегіңіз келдіме?

Төреш: (Жымиып) жоқ, керісінше өте нәзік.

Медбике: Сарбаз. Сіз клубта тұрған жоқсыз, субардинация сақтаңыз. Фамиляңыз кім? Қазір мойор мырзаға айтайын! Сарбаз дәріс уақытында бос жүр деп. Сізді жөнге салсын.

Төреш: (қалтасынан қағаз алып шығып үстел үстіне қояды) Міне фамилиямда, взводымда осы жерде жазулы. Соңғы сұрақ қойсам рұқсат па?

Медбике: Жоқ!

Төреш: Жақсы! Кетуге рұқсат етіңіз?

Медбике: Рұқсат

Кетеді

Медбике: Жынданған ба?(ашуланып) Ех! Тал түсте! Қазір оған көрсетейін еріккенді. Фамилиясы кім екен?

(Қағазды алып оқиды)

Дәрігер қыз

Жеделдетіп жаныма дәрі бер қыз......(жымияды)

 

4-Көрініс

Сап

Мойор: Тәк, сарбаздар! Таңертең баняға барып келдіңдер ме? Как там парились? Ұнадыма?

Сарбаздар: Дәл солай

Мойор: Как там массажный кабинетке кірдіңдер ме?

Сарбаздар: Жоқ

Мойор: Қалай кірмедіңдер?

Шах жүгіріп келеді

Шах: Мойор мырза сапқа тұруға рұқсат етіңіз?

Мойор: Рұқсат, Немене счастливыйсың ғой? Аа міне мынау массажға кірген, там есть Оксана массажистка! Солай ма?

Шах: (түсінбей) Дәл солай!

Мойор: Вот видите! Какой он, шустрый. Сендер 40 минут бойы паритса етіп отқанда, он получил массаж. Вот смотрите до сих пор улыбается! Теперь будеть ходит неделя заряженным.

Марат: Шын ба? Қандай массаж?

Мойор: Садооовник! Заинтересовался! Кстати как там суардыңба бәрін?  Анда душқа су толтырдың ба?

Марат: Дәрл солай!

Сарбаздар: су жылымайды бірақ, салқын.

Мойор: надо с утра құйып қою керек, понел, әйтпесе ішіне салып жіберем өзің жылытасың.

Марат: құп болады.

Мойор: Но не надо там писать, жылытам деп. (Пауза) но хотя можно чеченская вода полезна. Ладно шучу. Взвод, навести порядок в казарме. Тумбочканы тазалаңдар, Чтобы там не лежал носки, внутри носки пирожки, понятно, только мыльно-рыльно болу керек.

Сарбаздар: Дәл солай.

Мойор: Жарайды, сұрақтар барма?

Сарбаздар: Мүлдем жоқ!

Мойор: Жалобы?

Сарбаздар: Мүлдем жоқ!

Мойор: Заява?(қолмен көрсетіп)

Сарбаздар: Мүлдем жоқ!

Мойор: ТОчно?! Ертең айтпаңдар Рамазан Игликович нас заставлял не хранить в тумбочке еду с носками деп!

Сарбаздар: Мүлдем жоқ!

Мойор: Жақсы, солға бұрыл! Разойтись. (Бәрі жүгіре жөнеледі) Доғар! (Бәрі қайта орнына тұрады) Не спешите делать первый приказ, поступить второй! Оңға бұрыл, курилкаға Әнменен алға қадам бас!

Сарбаздар: Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем!

 

5-көрініс

Төреш: Күнделік: 11-ші күн! 5 күннен бері медпунтктан шықпай жүрмін, күнде әр жерімді сылтауратып барып оған өлең тастап кетемін. Бірақ ол әзірше ештеңе демейді, тәрбиесі қатал болған сияқты. Айтпақшы есімі! Айнұр! Бүгін мен дневальныймын. Ұйқы жоқ!

Казарма іші Марат қорылдап жатыр

Шах: Ей анау аюды түртіп жіберші, ұйқтатпады ғой

Арсылан: тиіспеңдер қорылдай берсін, шаршайды ғой байғұс!

Мәди: Иәә. Осындай да бір құрт болса ғой! Малтааап жататын.

Арсылан: Мәди сенің мысалыңның қорылға дым қатысы жоқ!

Шах: (Арсланға) Мәди сені тыңдап отқан жоқ, қиялдап жатыр ол. Оның ойынша қазір ол бауырсақ толы жәшікте жатыр.

Мәди: Жоқ мен естіп жатырмын! Айтпақшы, жігіттер бүгін демалыстан келген Капитан бар ғой!

Шах: Ақсақ па?

Мәди: Иә, сол сәл қуады ау дим?!

Арсылан: Бойдақ деп естігенмін! Сенің енеңді көрсе ақсаң басып жүрген аяғын түзулеп алады ә.(күледі)

Мәди: Қай енемді айтып тұрсың?

Шах: Сенің қарыныңды тойдыратын, күнде саған толтырып добавка салып беретін енеңді айтып тұр!

Мәди: Қойыңдаршы қоса бермей! Мен оның қызында көрген де жоқпын!

Шах: Анасына қарап қызын ал демейме!

Арсылан: Оның үстіне анау ақсақ капитан екеуің бажа боласыңдар!(күледі)

 

Қорылдап жатқан бағбан Марат өзінен өзі тұрып, төсектің жанына келіп

Марат: «Сап түзел! Алға қадам бас!» шагаттап жүреді

Арслан: Мынаның есі сау ма? Жат!

Шах: Ехе пацаны мынауың Лунатик қой!

Мади: Тыныш бұларды оятуға болмайды, шүберекті сулап жерге төсеп қояйық сонда өзі басып оянады.

Үшеуі қолына бір сулы шүберек алып әлгі сарбазды ары бері қуады, алдынан шығып жерге төсейді, бірақ сарбаз шүберекті баспай өтіп кете береді.

Арслан: Алдынан шық!

Шах: Міне! Қап!

Жүгіре жүгіре шулап кеткен соң казармаға капитан кіріп келеді:

Капитан: Не шу мынау! Отбой болғалы қашан! Неге жатпаймыз! Не жүгіріс? Күштерің тасып тұр ма?

Ұйқы сұрап жүрген сарбаз Марат капитанға барып шест береді

Марат: Капитан мырза шақырушы Астамиров сіздің бұрығыңыз бойынша келіп тұр!

Капитан: НЕ?

Ояу жүрген үшеуі күледі

Капитан: (айғайлап) Ей сен үшеуің киініңдер! Далаға шығыңдар! Жылдам!

Үшеуі асығыс киініп шығады.

Төреш: (Күледі) Бүгінгі кезекші Каптитан болғаны қандай жақсы, егер анау қатыгез подполковник болғанда қазір бәрімізді жүгіртіп қояр еді.

Ақырын барып әлі шест беріп тұрған Маратқа

Төреш: Марат оян, орныңа жат!

Әлі тапжылмай шест берген күйде тұр

Төреш: (дауысын сәл өзгертіп) Шақырушы Астамиров!

Марат: Мен

Төреш: Төсегіңе Жат!

Марат: Құп болады!

Орнына барып жатады.

 

6-көрініс

Күндіз, Медпункт

Медбике Бөлмесіне кіріп келіп қолына қысқан қағазды ашады

Медбике: Бұл жолы қандай өлең екен? «Сүйіс»

оқиды

Күтіп жүрмін, «жаным менің» - дер күннің

Иіскесем, нәрін демін ей мұрным

Дәмін көрдім барлық шарап жемістің

Тек көрмеппін дәмін сенің ерніңнің.

 

Ерніңе ерін, тіліңе тіл тиісіп.

Құшақтасып, кеуде тәнге түйісіп.

Жүрегіңнің дәмін сезіп жүрейін

Кездескенде көрейікші сүйісіп.

 

Ерініңде көп алдайды қу сұмды.

Құдды дәру ауа дайын бу сынды

Мас болармын, шыныменен мен ішсем

Ерніңдегі алькоголды сусынды.

 

Ащы, қышқыл, тәтті мүмкін дәмі де?!

Зәру болдым, баса алмайды дәрі де.

Сені сүйер, сол бір ләззат сәт керек

Керек емес одан басқа бәрі де.

 

Жүрек шіркін бара жатыр жиі ысып

Кездескен де бір көрейік сүйісіп.

Сүю деген шөл қандырар шәрбат қой

Сол шарапты жүрейікші жиі ішіп.

 

Медбике: (Жмияды) Бұл жолы батыл кетіпті! Мен де жауап жазып көрейінші

(тамағын кернеп қимылдап ақындарша жест жасайды)

Не деп тұсың сарбазым?

Бұл недеген ұят сөз?

Бөлмеге ақырын есікті ашып Төреш кіреді де артынан бақылап тұрады.

Медбике: а жоқ, былай дұрыс

Не деп тұсың сарбазым?

Бұл недеген Ғажап сөз?

Иә Ғажап деген әдемі естіледі!

Жедел кел де дәл қазір

Күмәнімді тазартқыз.

Сезімің шын болса өлең шығару оңай екен ғой!

Туар деп оңнан күн демей

Ойыңа бұны түйіп көр

Құшақтап мені үндемей

Батылың жетсе сүйіп көр!

Бәрін жасырын тыңдап тұрған Төреш келіп Медбикені құшақтап бетінен сүйіп алады.

Медбике: (шошып, бірден жоғары тонмен) Сарбаз сен! Не істегенің бұл! Сен! Сен! (сөз таппай) Қашаннан бері тұрсың мұнда! Есік қағуды үйретпеді ме! Шық тез!

Төреш үнсіз

Медбике: Сен! Мен қазір капитанды шақырамын! Сарбаз бұйрықты орында!

Төреш шыдамы жетпей ашулы медбикені қайта сүйіп алады. Медбике бұл жолы қарсыласпайды.

Есік қағылады!

Екеуі жылдам қалыпқа келеді

Бөлмеге Капитан кіреді

Капитан: Кіруге болама?

Медбике: Кіріңіз Капитан мырза

Капитан: Ей Сарбаз? Фамилияң қалай?

Төреш: Көпжасаров!

Капитан:Не істеп жүрсің сабақ қайда?

Төреш: Аа мен! Капитан мырза мен. Іііі (айтарға сөз таппайды)

Медбике: Ол ауырып жүр Капитан мырза! Оған күніге дәрі қабылдап тұру қажет!

Капитан: Қай жері? Мынау ауру адамға ұқсамайды ғой?

Медбике: Тамағы құрғай береді екен! Көп шөлдейді!

Капитан: Іммм! Көп шөлдейді? Шөлдесең су ішпеймісің, дәрігерде нең бар! Көпжасаров, мына тіліңнің астына тас салып жүрсең шөлдемейсің! (медбикеге бұрылып) Сарбаздардың анықтама тізімі керек! Мынау Көпжасаровтан басқа ауырып жүрген ешкім жоқпа?

Медбике: Жоқ! Тек міне мына бір сарбаз! Аздап тұмауратып жүр!

Капитан: Ой қазіргі сарбаздар, өңкей әлсіз, мен міне мынау аяғымды кішкентай кезімде сындырғанмын, бірақ армиядан мүгедекпін деп қашқаным жоқ! Служил! Тіпті ерен еңбегім үшін! Орден алдым! Вот міне сарбаз! Ал сендер не! Ертең алда жалда соғыс болса, сендерге сеніп үйде жата алмаймын мен! Жарайды! Көпжасаров!

Төреш: Мен Капитан мырза

Капитан: 5 минут, дәріңді іште сабаққа!

Төреш: Құп болады!

Капитан шығып кетеді.

Екеуі күледі.

Екеуі де бірдей сөйлейді

ТөрешМедбике: Қызық болды!

ТөрешМедбике: Ой сен айт?!

Төреш қимылмен сен сөйле деген ізет білдіреді

Медбике: өзің айт сарбаз

Төреш: Рахмет! Мені құтқарып қалдыңыз! Шөлдей береді дейсіз бе?

Күледі

Медбике: Енді рас қой, өзің солай жазыпсың!

Төреш: ИӘ! Жарайды мен кетейін! А то қазір анау Ордені бар мырза қайтып келер!

Медбике: ИӘ!

Үнсіздік

Төреш шығып кетеді.

 

7-көрініс

Төреш: Күнделік: 25-күн. Медбике екеуіміздің сезіміміз күннен күнге нығая түсуде. Әр күн сайын бір, не екі рет кездесеміз. Бірақ үнемі кездескен уақытымызда Әр түрлі сарбаздар немесе капитан кіріп бар романтиканы бұзады. Тіпті күдіктенетін де сыңайлы. Осы кедергіні жою үшін қаншама нәрсе ойланып ақыры бір нәрсеге тоқталдық.

Казарма іші

Шах: Ей Мұқағали! Сенің бұл жүрісің болмайды!

Төреш: Немене қызғанамысың?

Шах: Сеннен?

Төреш: Иә, медбике мені таңдады, енді аулақ жүрерсің деп ойлаймын?

Шах: Мәселе Медбикеде емес, сенің сабақ үстінде жоқ болып кетуің де! Өстіп жүргенде ұсталып қалсаң, тек сені емес бәрімізді жазалайды.

Төреш: Шах болды қойшы, жеңілген күреске тоймайды

кетеді

Шах: Кімнің жеңгенін, кімнің жеңілгенін көреміз.

Асхана

Арсылан: ВЗВОД дастарханға жайғас. Тамақтануды баста!

Мәди: Ас болсын! Басында келгенде өзімізше талғап жемейтін едік, қазір жуасына дейін соғамыз!

Марат:: Мәди қара сенің енең келе жатыр!

Асханашы апай: Цәп цәп цәп! Балапандар! Жеңдер жеңдер ас болсын! Қазір асхананы жинауға маған екі сарбаз керек! Сен (бір сарбазды нұсқап)! Сосын сен (Мәдиді нұсқайды)!

Марат: Ха! Қазір сенің басыңды айналдырып! Анау ботсық қызына қосады!

Арсылан: Иә біттім дей бер Мәди!

Мәди: Қумаңдар! Мен өзімді ұстай алатын шығармын.

Марат: Қайдан білесің анау жеп отқан добавкаңа не қосқанын! Кә талып қап, оянғанда қасыңда бір дәу қыз жатпасын ыржыңдап!

Бәрі күледі

Капитан: не шу? Взвод тұрыңдар! Тұрып тамақаныңдар!

Бәрі тұрып тамақ ішеді.

Капитан асханашы апаймен күліп мәз болып әңгіме айтып тұр!

Арсылан: (сыбырлап Мәдиге) әні қара! Сенің болашақ қайын атаң мен енең!

Мәди: иә иә, күліңдер. Ал егер де сол қыз әдемі, сұлу болса не істейсіңдер? А? Бәрің бармақ тістеп қалмайсыңдар ма? (Өзі мәз боп күледі)

Марат: Айттым әне, мынаның точно тамағына бірдеңе қосқан! Уже көніп қойды.

Капитан: Сарбаздар! Тамақтануды аяқта!

Арсылан: Взвод! Тұр! Аспазшыларға үлкен

Сарбаздар: РАХМЕТ!

 

 

8-көрініс

Медпункт, Төреш пен медбике

Медбике сөмкесінен көйлек пен парик алып шығады

Медбике: Міне осыны қазір біреу кіріп келсе мына ширманың артына тығылып киініп ал!

Төреш: Жарайды! Демалысың қалай өтті?

Медбике: Тыныш, үйде болдым, бірақ әр демалысымда да үйдемін онсыз да! Әкем қатал адам! Айтпақшы! Мен саған бір өте маңызды нәрсе айтуым қажет! Бірақ оны қалай айтарымды білмей жүрмін!

Төреш: Айт, мен бәрінде түсінемін!

Медбике: Сенің түсінетініңді білем, бірақ, екеуімізді түсінеді ме? Сол сұрақ болып тұр?!

Төреш: Жұмбақтамай айтшы, тыныштық па өзі?

Есік қағылады.

Медбике: Біреу келді тез киін!

Капитан: Кіруге болама?

Медбике: Иә кіріңіз!

Ширма артынан бір дыбыс естіледі

Капитан: Мұнда біреу бар ма?

Медбике: Иә, құрбым ғой! Академиядан бергі!

Капитан: аа дәрігер ме? Кешіріңіз сәлеметсізбе Дәрігер ханым!

Төреш: (ширма артынан дауысын өзгертіп)  Сәлеметсіз бе Капитан мырза!

Капитан: о менің Капитан екенімді қалай біліп қойды ә?

Медбике: Мен сіз туралы айтқанмын! Бізде Ордені бар Батыр капитан бар деп! Оған әскери адамдар ұнайды.

Капитан: Ааа? Рақмет рақмет. Ұмытып барамын, келген себебім! Жаңа тізім қажет еді! Мед анықтамалар жөнінде.

Медбике: Мен оны сізге беріп ем ғой!

Капитан: Жоқ тартпадан қарадым менде жоқ!

Медбике: ааа иә есіме түсті мен оны директордың жиналысында үстел үстіне ұмытып кетіппін, қазір әкеліп беремін!

Капитан: жақсы! Мен осында күтемін! Құрбыңмен шамалы әңгіме айтайын! Әскер жайлы!

Медбике: жақсы! Іі Жадыра, мен қазір келемін.

Төреш: Жақсы жақсы

Медбике шығып кетеді.

Капитан: Жадыра болды ғой есіміңіз

Төреш: Иә!

Капитан: Сіз ұялып отырмысыз неге шықай отырсыз?

Төреш: аа, мен, қазір

Төреш шығады, үстінде көйлек басында парик

Капитан: (орнынан атып тұрады) охо сіз, Жадыра ханым жайғасыңыз! Неге тығылып тұр десем, мұндай сұлулықты шынымен де тығып ұстау қажет, әйтпесе қазір көз деген жаман!

Төреш: Иә рақмет, отыра беріңіз, сіздің аяғыңызға көп тұруға болмайды ғой!

Капитан: Неге? Менің аяғым сап сау! (күшпен аяғын тік ұстап былай да былай жүреді)

Төреш: Ғажап! Егер құпия болмаса? Аяғыңызға не болып еді?!

Капитан: Ол ұзақ әңгіме! Бірақ қысқасы армияда жүргенімде! Граната лақтыру жаттығуын жасап жатқанбыз! Бір палшаным гранатаның сақинасын тартып гранатаны қолынан түсіріп алады,(өзі қимылдап көрсетеді) сон соң бәрі жанжаққа қашып не істерін білмегенде, мен жүгіріп кеп анау гранатаны осы аяғыммен тептім! Граната ауада жарылды, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек менің осы аяғым ғана жарақат алды. Бұл аяқ қаншама адамның өмірін құтқарды.

Төреш:  Тамаша! Ер екенсіз! Сіз секілді батыр сарбаздар бар кезде, тыныштығымыз бұзылмас! Қазір қалай ауырмайма?

Капитан: жоқ мүлде! Күнде сарбаздармен бірге жүгіремін! Қайрат менде жетерлік. Міне қараңыз (отырып тұрады)  Көрдіңізбе?! (Секіріп отырып тұрады сол кезде тайып жығылады)

Төреш: ой бәрі дұрыс па Капитан!

Капитан: иә сәл уқалап жіберсеңіз болды!

Төреш: (аяғын ұстап)Осы жер ме?

Капитан: Иә! Ооо Қолыңыз өте қатты екен!

Төреш: кешіріңіз!

Капитан: Жоқ жалғастыра беріңіз! Керемет! Қолыңыз алтын екен!

Медбике келеді

Медбике: Капитан мырза бәрі дұрыс па?

Капитан: иә Жадыра ханымға рақмет, құтқарды мені

Медбике: Мінекейіңіз анықтамалар осы!

Капитан: Жақсы мен кетейін! (Төрешке чест береді) Запастағы Капитан сізге алғыс айтады!

Төреш: Оқасы жоқ!

Капитан кетеді

Екеуі тағы күліседі. Төреш ширма артынан киім ауыстырады

Медбике: Не болды не туралы сөйлестіңдер? Біліп қалған жоқ па?
Төреш: Қайдағы, біліп емес сынып қалды! Маған қырындамақ! Сен келмегенде Капитан маған сөз салып жіберер еді.

Күледі

Төреш: Айтпақшы, екеуіміздің әңгімеміз үзіліп кетіп еді, не туралы айтпақ ең!

Медбике: Иә, менің

Төреш: Иә сенің? Айтсаңшы?

Бөлмеге подполковник пен Шах кіріп келеді

Шах: Мінекей Подполковник мырза Копжасаровтың осында кіргенін көргенмін.

Төреш: (шығып) Не болды? Айнұр?

Подполковник ашулы

Подполковник: Айнұр??! Сарбаз! Субардинация қайда! Атымен қоса отчествосын қосып айту керек! Шық бері фамилияң кім?

Төреш шала киініп атып шығады

Төреш: Көпжасаров!

Подполковник: Өй сен не мода көрсетіп жүрмісің? Жинақтал! Көпжасаров 15 минут болды кеткеніңе, мен сені 5 минутқа ғана жібергем, алдыма түс, казарманы айналып 20 круг жүгіртемін.

Медбике: Әке қойыңыз, оны мен ұзақ ұстаған.

Подполковник: Мен саған қашанғы айтамын! Жұмыста саған әке деп айтпа деп. Подполковник мырза немесе Азиз Темірұлы деп!

Медбике: жарайды әк... Азиз Темірұлы

Подполковник пен Төреш шығып кетеді.

 

ІІІ – Акт

1-көрініс

Төреш: Күнделік: Менің кесірімнен бүкіл взвод болып қару асынып 10 км жүгірдік. Қазір бәрі маған ренжулі. Подполковник 5-күн бойы тек біздің взводты жазалаумен жүр. 5 күн бойы Айнұрды көргем жоқ.  Енді тек 10 күн қалды. 10 күннен соң бәрі бітеді. Ал мен ол Подполковникке қызын шексіз сүйетінімді қалай дәлелдеймін?

Арсылан келеді

Арслан: Төреш мына хатты медбике беріп жіберді!

Төреш: Хат? (ашып оқиды)

Төреш мені кешір. Подполковниктің менің әкем екенін енді айтқалы жүр едім. Менің кесірімнен әкем сені және сенің взводыңды күнде жазалайды, әрі маған ұрысып жұмыстан шығарып алды. Енді екеуіміз кездесе алмаймыз! Әкем рұқсат етпейді.

Казарма

Бәрі шаршаңқы, түпкірдегі төсекте Мәди ауырып ұйықтап жатыр,төсегінің жанына адыраспан тұтатып қойған

Өз орнына бара жатқан Төрешті Шах бөгеп

Шах: Ей Казанова!? Мен саған не деп ем! Тыныш жүр дедім ғой! Сенің кесіріңнен ат болдық, күнде қинайды сенің кесіріңнен. Әне Досың Мәдиді көрдіңбе ауырып жатыр! Тұра алмай! Ол кімнің кесірі! Әрине сенің! Енді тағы бір рет әлгі подполковник бізді сен үшін қинаса, мен ештеңе жасамаймын сен үшін, өзің бәрін мойындап айт, не мен айтам!

Төреш: Болды қойшы! Мойындаймын менікі дұрыс емес! Бірақ жүгіріп кеп ұстап берген сен емессің бе?!

Шах: Жауап қайтарма маған Өзің айтпап па ең бұл армия устав деп! Ал мен устав бойынша бұйрықты орындадым! Сон соң! Тоныңды түсіріп сөйле! Әйтпесе қазір!

Төреш: Ұрам? Ұр ал! Төбелесіп қазір ақ нүктесін қойып тастайық.

Шах бірінші ұрады, Төреш екеуі төбелесе жөнеледі, бәрі жабылап ажыратып жатқанда подполковник кіріп келеді.

Подполковник: Доғар төбелесті! Күштерің тасып барады ма?  Жүгіруден шаршамадыңдар ма әлде? Киініңдер 1 минут плацқа! Жедел!

 

2-көрініс

Плац, жаңбыр жауып тұр

Подполковник: Ал қане төбелес құмарлар! Кім бастады? Шық бері!

Сәл үнсіздіктен соң!

Төреш: Мен Подполковник мырза, төбелесті бастаған мен.

Подполковник: Кіммен төбелестің?

Шах: Мен! Шақырушы Нағиев

Подполковник: Неге төбелестің?

Шах: Негізі...

Төреш: Айтуға рұқсат етіңіз подполковник мырза!

Подполковник: Айт!

Төреш: Шахтың түк кінәсі жоқ, мен қызбалыққа салынып төбелесті өзім бастадым, Шах тек қорғаныс үшін төбелесті.

Подполковник: Түсінікті, білесің ғой жазаның қалай болатынын Көпжасаров. Бұл армия мұнда мен-сен деген жоқ, заң бәріне бірдей. Взвод.......

Төреш: Подполковник мырза айтуға рұқсат етіңіз!

Подполковник: не тағы да? Айт!

Төреш: Бәріне кінәлі мен. Сабақтан үнемі қашатында, сапта санақта болмайтын да, дәріс уақытында үнемі қаңғырып жүретін де мен! Сондықтан Подполковник мырза, тек мені жазалауыңызды сұраймын!

Подполковник: Отставить! Бұл армия! Ертең соғыс болса бір сарбаздың қателігінен бүкіл армия зардап шегеді.

Төреш: Подполковник мырза, өзіңіз пір тұтатын Момышұлы соғыстан жалтарып өзінің қолын атқан сарбазын, жазалау үшін бүкіл взводтты атып тастамады ғой! Тек сол сатқынды ғана ату жазасына жіберді. Сізден тағыда өтініп сұраймын, тек мені ғана жазалаңыз, қандай жаза болмасын бәрін көтеруге әзірмін.

Подполковник: (ойланып) Жарайды! Шақырушы Көпжасаров!

Төреш: Мен!

Подполковник: упор лежа принять! Бір!Екі! БІР! ЕКі!

Қарап тұрған сарбаздар ішінен Шах атып шығып жерге жатып Төрешпен бірге жасайды, оны көрген Барлық сарбаздар жатып Төрешпен бірге бәрі жасайды.

Подполковник: Бір! Екі! БІр! ЕкІ! Отставить! Тұрыңдар! Бұл соңғы рет болсын Көпжасаров! Енді бұлай тәртіп бұзбассың деп ойлаймын.

Сарбаздардың бірі айғайлайды

Сарбаз: Өрт Подполковник мырза! Казармада! Өрт!

Подполковник: НЕ? Казармада ешкім қалмады ма?

Арсылан: Мәди? Мәди Исмамбаев ауырып жатқан!

Бәрі шуласып жатыр.

Подполковник: Командир Оңтұрғанов, барлық сарбаздардың казармаға кірмеуін қадағалап тұр.

Арсылан: Құп болады.

Казармаға подполковник кіріп кетеді. Барлығы үмітпен қарап тұр, сәлден кейін түтін ішінен Мәди көрінеді.

Мәди: (жөтеліп) Подолковник іште..... ОЛ! Мені бері лақтырып жіберді өзі сол жақта қалып қойды!

Бәрі абыр сабыр не істерін білмей тұр!

Сарбаздар: Подполковник мырза? Подполковник мырза?

Бәрі қарап оттан үркіп тұр! Төреш бар күшін жинап

Төреш: Арслан ренжіме, бұйрықты бұзуыма тура келіп тұр!

Жүгірген бойы өртке кіріп кетеді.

Марат: Төреш! Тоқта!

Шах жүгірмек болғанда Арслан ұстап қалады

Арслан: Тұрыңдар орындарыңда, тағы бір адамнан айырылып қалар хәлім жоқ! Бұл бұйрық тұрыңдар!

Сарбаздар: Подполковник мырза! Төреш! Подполковник мырза??? Төреш???

 

Сәл уақыттан соң подполковникті көтеріп Төреш шығады.

Сарбаздар бәрі қуанып уралайды!

Төреш талып қалады

 

3-көрініс

Медпункт. Екі койка, бірінде Подполковник бірінде Төреш жатыр. Медбике екеуін кезек кезек қарап жүр.

Бірінші Төреш оянады

Медбике: Төреш! Қалайсың жаным?

Төреш: Жаным? Сеннен мұндай сөзді есту үшін, өртке кіру керек екенін білгенімде, танысқан күні ақ бүкіл дүниені өртеп жіберер ем.

Медбике: Тұрма, жат! Рақмет үлкен! Әкемді құтқарғаныңды білемін!

Төреш: Ол менің міндетім ғой, Подполковник мырза да өзін қатерге тігіп Мәдиді өрттен алып шықты. Айнұр? Жазаған хатыңды оқыдым.

Медбике: Мен....

Төреш: Тыныш! Мен бірін түсінемін, ол сенің жүрегіңнен шыққан хат емес. Қорықпа! Мен қалай армияны бітіремін. Солай  салт бойынша үйдегілермен келіп әкеңнің алдынан өтемін! Батасын аламыз!

Медбике: Сен менің әкемді білмейсің! Ол өте қатал адам! Ол екеуіміздің жасырын сөйлесіп жүргенімізді білсе! Оңдырмас!

Төреш: Енді өмірі тығылып жүреміз бе?

Медбике: Білмеймін!

Подполковник: Ал мен білемін! (Басын көтереді)

Медбике: Әке! Ой Азиз Темірұлы! Қалайсыз ояндыңыз ба?

Подполковник: Сен осы бөлмеге кіргелі ояумын, сенің барлық дұғаңды естідім, маған айтқан, аноу жатқан сарбазға айтқан. Қызым!

Медбике: Кешіріңізші! Мен жасырамын деп ойламадым! Бәрін айтқым келген.

Подполковник: Жоқ, керісінше сен мені кешір қызым! (дауыстап) Копжасаров!

Төреш: Мен подполковник мырза!

Подполковник: Сен батырсың! Мен қаншама әскер көрдім! Бірақ сендейді бірінші рет көруім. Мен қызымды ешқашан бөтен еркекке жолатпағанмын!  Лайықты адам іздегенмін! Қателесіппін! Қызым өзіне лайықтысын өзі таба алатынын білмеппін! Әкемін ғой! Уайымдаймын! Бірақ саған сендім! Қинап та көрдім, сынап та көрдім! Ант қабылдар күні! Өзің айтқандай Ата анаңмен үйге кел, той туралы ақылдасамыз. Менің батам осы!

Төреш: Құп болады подполковник мырза!

Медбике: Әке! (құшақтайды)

 

4-көрініс

Төреш: Күнделік: 40- күнде бітті отан алдындағы борышымызды аяқтап, ант қабылдамақпыз!

Казарманың алды сарбаздар паратқа шығуға дайындалып тұр

Арслан: Қараңдар менің қызым келіпті!

Марат: Менің мамамда келген!

Жандарына бейтаныс әдеміше келген қыз келеді

Бейтаныс қыз: Кешіріңіздер сарбаздар! Мәди Исмамбаевты көрмедіңіздерме! Шақырып жібермеймісіздер!

Шах: Мәди? Біздің Мәдиме?

Бейтаныс қыз: иә сәл толықша келген Мәди.

Шах: Жақсы, Кім шақырып тұр дейік?

Бейтаныс қыз: Кім? Қызы деңіз!

Асханашы апай: (бейтаныс қызға дауыстап) цәп-цәп. Аруна қызым тездетіп  кел қазір басталады!

Бейтаныс қыз: Жарайды мама! Міне мынау суды беріп жіберіңіздерші, бүгін күн ыстық шөлдеп қалмасын.

Марат, Арслан, Шах үшеуі таңқалып қарап қалған.

Төреш: күнделік: иә осылай 40 күн ішінде өміріміз 180 градусқа өзгерді! Ләйім тек бибітшілік болсын!

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін.

Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін. Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін. Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін.

 

СОҢЫ