Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Әкімшілік Мейрам Хабибуллин

Көркемдік жетекші

 

            Мейрам Махсотұлы Хабибуллин 1990 жылы 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Касталов ауданында дүниеге келген. 2007 жылы  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Режиссура» мамандығына оқуға түсіп, 2012 жылы тәмамдады. 2012 жылы Ақтөбе облыстық «Екі езу» миниатюралық сатира театрының  әртісі болып жұмысқа орналасты. «Екі езу» миниатюралық сатира театры қатысқан «Ду-думан» телевизиялық шоуында жүлделі II – орынға ие болды. 2013 жылы Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына актер болып орналасып, 2014 жылы режиссер ретінде қызметін жалғастырды. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрына режиссері. Ол театрда А.Артықбаеваның «Кім патша?» ертегісін жарыққа шығарып, Абайдың қара сөздерінен көлеңкелі көрініс қойды. 2016  жылы Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына «режиссер» қызметіне қайта орналасты. 2022 жылы 12 қаңтарында  театрдың көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік   балалар және қуыршақ театр фестиваліне  А.Атымтаеваның «Кім патша?» (режиссер М.Хабибуллин) қатысты.

2019 жылы М.Хабибуллиннің қоюымен шығарылған У.Шекспирдің «Гамлет» моноспектаклі Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық «Балауса» эксперементальды спектакльдер фестивалінде жүлдеге ие болса, ал,  әлемнің жетекші театрлары қатысқан Түркия елінің Мерсин қаласында өткен Ү «Түркі әлемі театрларының күндері» атты Халықаралық фестивалінде, РФ Татарстанның Буа қаласында өткен «Буа:Пространство диалога» Халықаралық театрлар фестивалінде және Армения республикасы Ереван қаласында өткен  ХІҮ Шекспирдің Халықаралық театр фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау қаласында өткен Р.Отарбаевтың ІІ Республикалық театр фестиваліне Р.Отарбаевтың «Темір Нарком» тарихи-драмасымен қатысты. Бұл фестивальде спектакль үшін театр ұжымы жүлделі ІІ орынды иемденді.

 

Марапаттары:

- 2013 жылы «Көлеңкелі театр» көріністерін қолға алып, сол жылы «Қазақстан» Ұлттық арнасының ұйымдастырған «Жұлдызды сәт» тележобасында II – орынды жеңіп алды.          

- 2013 жылы «Жас дәурен» жастар фестивалінде облыс әкімінің алғыс хаты;

- 2017 жылы облыстық жастар саясатының алғыс хаты;

 -2017 жылы Н.В.Гогольдің «Шинель» повесініңажелісіменасахналаған «Шапан»ақойылымы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында өткен «Ортеке Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінде» бас жүлдеге ие болды.

-2017 жылы II Республикалық Балауса эксперименталды қойылымдар фестиваліндер Б.Абдуразаковтыңа«Әйеласыры»ақойылымы «Эксперименталды ізденістері үшін» номинациясын жеңіп алды;

-2019 жылы Қазақстан Театрлары Ассоциясының «Сахнагер-2019» Ұлттық  театр сыйлығы байқауының  «Үміт» номинациясының иегері;

-2019 жылы «Ақтөбе қаласына 150 жыл» мерекелік медалі;

-2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасы және Елбасының «Алғысы» 

                                                                  

 Қоюшы режиссер (қойған қойылымдары):

-          2014 жылы Э.Ионесконың «Сабақ» антидрамасы;   

-          2014 жылы А.Атымтаеваның «Кім патша?» музыкалық ертегісі;  

-          2014 жылы Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Г. Қалдинаның «Сезім жібі» (реж: Б.Парманов) балалар қойылымына көлеңкелі көріністер;

-          2014 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында И.Ғайыптың «Алтын адам» (реж: Мұрат Ахманов) қойылымына көлеңкелі көріністер;        

-          2014 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының шақыртуымен «Естайдың Қорланы» (реж: М.Ахманов) қойылымынаакөлеңкеліакөріністер;          

-          2015 жылы  А.Құнанбаевтың қара сөздерін инценировкалап, көлеңкелі көрініс енгізіп, сахнаға дайындаған; (реж: Қуандық Қасымов);

-          2015 жылы Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» әскери драма;  

-          2016 жылы Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Д.Исабековтың «Құстарафестивалі»афарсаертегі; 

-          2017 жылы Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Н.В.Гогольдің «Шинель»аповесініңажелісімена«Шапан»; 

-          2017 жылы облыстық драма театрында Б.Абдуразаковтың «Әйел сыры» эксперим. драма;

-          2017 ж Ойыл аудында Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығына арналған мерекелік шарада Т.Құлиястың «Мұхит» драмасының қойылымы; 

-          2017 жылы Р.Отарбаевтың «Темір Нарком» тарихи драмасы; 

-          2018 жылы У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы, камералық нұсқа;

-          2019 жыл «Мұқағали» перфоманс;

-          2019 жылы С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» комедия, Аударған: А. Сүлейменов;

-          2020 жылы Т.Жүженоғлы «Көшкін» драма;

-          2021 жылы Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясы;

-          2021 жылы С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» пьесасының желісімен «Арамыз жылып қалар» драмасы.

-          2022 жылы Ш.Маманның «Арман әлемі» ертегісі

Театрландырылған қойылымдар режиссері:           

Тұңғыш Президент күніне орай «Ер үшін туған ер болсаң» спектакль-концерт;

Халықаралық жастар күніне орай «Махаббат қызық мол жылдар»  спектакль-ретро концерт;