Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Әкімшілік Қамиев Сайлау Ғалымжанұлы

Қамиев Сайлау Ғалымжанұлы

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

Театр директоры

 

Туған кезі:  17.06.1973 ж
Туған жері:
 Атырау облысы, Индер ауданы

 

1994 жылы  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты) актерлік факультетіне түсіп, 1998 жылы Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың сыныбы бойынша музыкалық-драма театрының актері мамадығы бойынша бітірді. 2013 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жоғары  режиссура факультетін қызыл дипломмен бітіріп, өнер тарихы магистрі дәрежесін алды. Сайлау Ғалымжанұлы «Бәйтерек» эстрадалық тобының әншісі және осы топты құрушыларының бірі. Ғылыми еңбектері үшін 2021 жылғы 30 сәуірдегі №385 бұйрығының негізінде «Өнертану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын берілді.

 

 Еңбек жолы:

- 1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері, қоюшы режиссер;

- 2010-2017 жылы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Актерлік өнер және режиссура» кафедрасында ұстаз;

- 2012 ж. аға ұстаз;
- 2015 ж. доцент;

- 2018-2021 жж. Астана қаласының «Номад Сити Холл» МКҚМ концерттік ұйымының, кейіннен Ә.Мәмбетов атындағы Драма және комедия театрының көркемдік жетекшісі;  

 

Марапаты мен атақтары:

- 2000 жылы Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының иегері;

-  2006 жылы «Эстрада» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;

- 2007 жылы «Қазақстанның Мәдениет қайраткері» төс белгісі;

-  2014 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

- 2021жылы «Өнертану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми      атағы берілді. 

 

 2023 жылдың 1 наурызынан Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды.