Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Казахская труппа Мақзұм Бақытжанов

Қырғыз Республикасының Мәдениет қайраткері

  «Ерен еңбегі үшін», ҚР«Еңбек ардагері» медалінің иегері

ҚР «Мәдениет саласының үздігі

Мақзұм Бақытжанов

 

Мақзұм Сафиұлы Бақытжанов 1949 жылы 27 қыркүйекте Ресей Федерациясы, Екатеринбург (бұрынғы Свердловск) қаласында дүниеге келген. 1964-1968 жылдары  аралығында ХХХж. ВЛКСМ атындағы Ақтөбе қаласындағы педагогика  училищесін, 1972 жылы Қазақтың Мемлекеттік Академиялық М.Әуезов атындағы драма театрының жанындағы екі жылдық  театр студиясын бітірген. 1991-1993 жылдары Москва қаласында екі жылдық Өнер және мәдениет қызметкерлерін «Драма театрының режиссері»  мамандығына қайта даярлау  курсында дәріс алған.           1972-1994 жылдары Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актеры, кейіннен 1979-1994 жылдары жоғары категориялық актер болып қызмет атқарды.

 1990 жылдан режиссерлыққа ден қойып қойылымдар мен ертегілерді сахнаға шығара бастады.  1992 жылы актерлік шеберлігі үшін «Сахна шебері» категориясы  берілді. М.Бақытжанов 1994-1998 жылдар аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, 1999 жылы қазақ труппасының бас режиссері, 2003-2007 жылы театрдың көркемдік жетекшісі, 2007-2010 жылы осы театрдың директоры қызметін атқарды. 2010 – 2013 жылы театрдың көркемдік жетекшісі, 2013-2017 жылы театрдың қоюшы режиссеры, қазіргі таңда театр директорының кеңесшісі және актер.

М.Әуезовтың «Айман-Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды», Т.Ахтановтың  «Ант», «Күтпеген кездесу», «Арыстанның сыбағасы», Иран-Ғайыптың  «Махамбет», Қ.Жетпісбаевтың «Әйелдер әлемі», Ғ.Мүсіреповтың «Аңыз ана», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  т.б. 30-дың үстінде көптеген қойылымдар мен балаларға арналған ертегінің қоюшы режиссері және Ғ.Мүсірепов «Есеней- Ұлпан» спектакльінде - Есеней, Т.Ахтанов «Ант» спекталінде - Барақ-сұлтан, М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклінде – Қортық шал,  О.Бодықовтың «Ит өлім» спектаклінде - Петро, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» спектаклінде – Жиенбай т.б тарихи спектакльдерде сомдаған басты рөлдері арқылы көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, дарынды актер ретінде танылды.

 1996 жылы Жаңа жылдық Президент шыршасының жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс жарияланды.

2004 жылы Ресей Президиумының Муниципалды Академиясы шешімімен «К 100-летию М.А.Шолохова» естелік медалімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  2005 жылы  Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының  лауреаты, 2009 жылы Қырғыз Республикасының «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің, 2014 жылы ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері. 2019 жылы Қазақстан Театрлары Ассоциясының «Сахнагер-2019» Ұлттық  театр сыйлығы байқауында 50 жылға жуық ғұмырын театр өнеріне арнаған, сахна ардагері «Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясының иегері, 2020 жылы ҚР «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

            Театр ұжымының ерекше бағалайтыны Мақзұм Сафиұлының ұстаздық қабілеті, жас әртістерді театр өнерімен таныстырып, өзінің мол тәжірибиесімен бөлісіп, аянбай еңбек ететіндігі. Сонымен қатар, облыстық, қалалық деңгейде өткізілетін ауқымды мерекелік шаралардың және театрландырылған көріністердің қоюшы-режиссері.