Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Жеңілдікті билеттер

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры МКҚК, жеңілдіктері бар санаттағы азаматтарға театрға кіру билеттерін жеңілдікпен сатуды жүзеге асырады.

Кіру билеттері негізгі құнынан 30 % жеңілдікпен келесі топтарға ұсынылады:

  • Көп балалы отбасының ата – аналары мен балаларына;
  • І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге;
  • ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне және әскери әрекеттердің қатысушыларына.

Кіру билеттері негізгі құнынан 100 % жеңілдікпен келесі топтарға ұсынылады:

  • Жетім балаларға және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.

Жоғарыда көрсетілген жеңілдіктері бар санаттағы азаматтар театр кассасына бекітілген үлгідегі жеңілдік дәрежелерін анықтайтын куәліктерінің түпнұсқаларын көрсеткен жағдайда театрға кіру билеттерін ала алады.

Бекітілген үлгідегі сатып алынған кіру билеттері театрдың қойылымдары мен түрлі іс – шараларына кіруге құқық береді. Жоғарыда көрсетілген  талаптардан басқа да түрлі құжат ұсынғандар театрға тегін кіргізілмейді.

Анықтама тел: 8/7132/ 21-51-21, 24-17-36;  e-mail: akhtanov.teatr@mail.ru