Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Театр әдебі

Қадірлі көрермен!

  • Театрға қойылым басталғанға дейін ертерек келіп, сырт киіміңізді гардеробқа еркін өткізіп, өзіңізге тиесілі орынға уақытында жайғасқаныңыз жөн;
  • Театр киім үлгісіне мән беруіңізді сұраймыз, мас күйінде келуіңіз сізді театрға кіргізуге бас тартуға себеп болады;
  • Қойылым үшінші қоңыраудан кейін басталады, соңғы қоңыраудан кейін аудиторияға кіру тоқтатылады және көрермен залының есігі жабылады;
  • Билетте көрсетілген арнайы орныңызға жайғасыңыз. Егер кешіккен жағдайда әкімшіліктің немесе билет тексерушінің рұхсатымен жақын маңдағы бос орынға отыруыңызға болады. Антракт кезінде өз орныңызға ауыса аласыз. Тиесілі орныңыз бос болмаған жағдайда, залдың бақылаушысынан көмек сұраңыз;
  • Театрдың кешкі қойылымдарына 6 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді;
  • Көрермен залына тағам және сусын алып кіруге тыйым салынады;
  • Залды фотоға және бейнежазбаға түсіру театр әкімшілігінің рұхсатымен ғана мүмкін болады;
  • Қойылым аяқталмас бұрын залдын шығу тек төтенше жағдайда ғана мүмкін болады;
  • Қойылым алдында ұялы телефоныңызды дыбыссыз режимге қоюды ұмытпаңыз! Қойылым кезіндегі қоңырау көрерменді ғана емес, актерларды да алаңдатуы мүмкін;
  • Театрдың жалпы қабылдаған ережесін бұзғаны үшін (шу, мінез көрсету) театр әкімшілігі театрдан кетуді сұрауға құқылы;
  • Егер гардероб нөмірін жоғалтқан жағдайда, айыппұл салынатынын ескертеміз;
  • Егер сізде қандай да бір қайшылық сұрақтарыңыз туындағын жағдайда бас әкімшілікке немесе билет тексерушіге хабарласуыңызға болады;
  • Қойылым соңында гардеробқа асықпай, спектакль аяқталғаннан соң актерлардың көрерменге тағзымға шығатын сәтін күтіп, қошемет көрсеткенің бұл сіздің құрметіңіз;
  • Қойылатын қойылым ауысқан немесе болмаған жағдайда билеттерді кассаға қайтаруға болады;
  • Біз театрға келген мүмкіндігі шектеулі көрермендерге кез-келген көмек көрсетуге және  мүмкіндігінше ыңғайлы жағдайын қамтамасыз етуге дайынбыз. Келетін кезде тек алдын-ала билет сататын кассаға қоңырау шалуыңызды өтінетініміз;ё
  • Театрда келген кезде айналаңызға мұқият та, сыпайы болсаңыз, Сіз кішкене демалысыңыздан жағымды әсер алып қайтасыз!

 

Біз өзара түсіністік пен құрметке үміттенеміз.
Сізді театрда көруге әрдайым қуаныштымыз!