Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Пьеса _Пирамида_

Пирамида (Өңдеу)

Кейіпкерлер:

Сәкен

Аққу

Көркем

Аян

Жеңіс аға

Гүлжамал тәте

Жанна

 

1-АКТ

1-САХНА

 Классикада 4 ұл, 4 қыз сахнаға шығады. Қолдарында бір-бір қағаздан, Әрқайсы өзінің компаниясын жарнамалап жатады.(“МММ”, “Телемаркет”, “Тибет”, “Хопер-инвест”, “РДС”, “КазРосИнвестПроект”, “Finiko”, “Тяньши”)

1.Біздің “МММ” компаниясына жұмысқа  кіретін болсаңыздар миллиондап ақша табасыздар.

2.”Телемаркет” компаниясы сіздің үйде жатып баюыңызға үлкен себепші.

3.”Тибет” компаниясы бұл тек компания емес. Сіздің табысыңыздың көзі.

4.”Хопер-инвест” компаниясы, сіздің жарқын әрі бақытты болашағыңыздың кішігірім себепшісі.

5.”РДС” компаниясы өміріңіздің жеңілдеуіне көмектесестін бірден бір компания.

6.”КазРосИнвестПроект” бұл компания тегін компания емес. Баюыңыздың, миллионер болуыңыздың, кепілі.

7.”Finiko” бұл компаниясы кедейліктің қас жауы, байлықтың адал досы.

8.”Тяньши” ақшаның асқар шыңы.

 

Егер компанияға жұмысқа кірсе көп ақша табатынын, байып кететінін айтып жатады. Шу болады. Сырттан ысқырық артынан уақыт деген дауыс естіледі. Барлығы сахна сыртына шығып кетеді. Жарық өшеді.

 

2-САХНА

(Сахнада офис болады, шеттен кейіпкерлер кіріп келе жатады)

Сәкен. Жүріңіздер мен айтқан дәл осы офис.

Аян. Родной сен точно осы жерден ақша тауып жүрсің бе?

Сәкен. Ия

Жеңіс аға. Қанша таптың бізге подробнее айтып берші.

Гүлжамал тәте. Нағашы , біз точно байып кетеміз ба?

Сәкен. Жеңіс аға, Гүлжамал тәте уайымдамаңыздар өзім гарантия беремін.

Көркем. Аққу жігітіңнен сұрашы қанша тапқанын.

Аққу. Жааан шыныңды айтшы осы күнге дейін қанша таптың, а то подругам сенбей тұр.

Сәкен. Давайте мен сіздерге қалай, қанша ақша тауып жүргенімді айтып берейін. Короче ең басында мен бұл жер лохотрон, алдап кетеді деп ойладым. Бірақ рисковать етіп миллион кредит алдым. Сосын бір апта бойы «кредитімді қалай жабамын» деп уайымдап , осы компанияға сомнение ұстап жүрдім. Жоқ алдамады. Бір ай өткесін бүкіл кредитімді жауып қолыма жарты лям ұстатты. (Қалтасынан ақшаны алып шығып көрсетеді) Міне сенбесеңіздер. Одан кейін тек өзімінің қара басымды ойламай, жұмыссыз жүрген жақындарымды да шақырайын дедім. Басында тек бір адамды аламыз, артық адам алмаймыз деген. Жарты ай жалынып жүріп әрең көндірдім. Міне енді сіздерді осында алып келіп отырмын.

Аян. Родной сен добрыйсың ғой.

Жеңіс аға. Біздің көрші ақкөңіл ғой.

Гүлжамал тәте. Нағашы інім ақылды.

Аққу. Рахмеет жаан.

Сәкен. Менікі сіздерге көмектесу ниетте ғой… Қазір Жанна апай келеді сол сіздерге бастан аяқ барлығын түсіндіретін болады. (Жанна ортаға келеді)

Жанна. Сәлем Сәкен, қалайсың?

Сәкен. Жақсы шүкір, өзіңіз қалайсыз Жанна?

Жанна. Жақсы. Саламатсыздар ма!

Барлығы. Саламатсыз ба!

Жанна. Мен туралы сіздерге Сәкен айтқан болар. Мен осы компанияның главный менеджерімін. Есімім Жанна. Біздің компания енді ешкімді жұмысқа алмайтын болған, бірақ Сәкен қоймағансың сіздерді алуды жөн көрдік. Жұмыс туралы айтпас бұрын сіздерге ең бірінші ақшаны игеру туралы айтып берейін… Жалпы, адам аяқ асты байыған кезде көп ақшаға ие бола алмай қалуы мүмкін, сондықтан ең бірінші сіздер қаржылай сауатты болуларыңыз тиіс. Яғни “қаржылай сауаттылық”. Ал қаржылай сауаттылық дегеніміз не? Ол - қарапайым тілмен айтқанда қаржылай тәртіп, өз бюджетіңізді басқара білу. Ол ең бірінші өз-өзінен бастау алу керек. Біз көп жағдайда өзгенің ақашасын санап кетіп жатамыз, солай ғой?

Барлығы. Ия, ия.

Сәкен.(гүбірлеп) Айттым мықты деп.

Жанна. Ол дұрыс емес. Бізде қаржылық сауаттылықты арттыратын стратегия бар. Ең бірінші- өз өзіне есеп беру. Абай атамыз бесінші қара сөзінде былай дейді “Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмағанда айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!” Яғни адам кірісі мен шығысын ылғи есептеп отыру керек. Екінші стратегия- бақылау. Сіз бірнәрсе алар кезде бірінші дүкен мен екінші дүкеннің бағасын салыстыруыңыз қажет. Қай жерде арзан, қай жерде қымбат деген секілді, қанша жерден бай болсаңыз да бағаны байымдап қарағаныңыз жөн. Бірден бір жерден затты ала салмағаныңыз жөн. Үшінші- қаржылық қор, яғни бюджет. Адам тапқан табысының 10 пайызын жинап отыруы керек. Мен сіздер сияқты жандардан көп еститінмін, «ақша табамын бірақ қайда кетіп жатқанын білмеймін» дейді. Сіздерде де солай ма?

Барлығы. «Расымен, жоқ болып кетіп жатады ғой».

Жанна. Міне, ол да қаржылық сауаттылыққа келіп тіреледі. Сонымен қатар тағы да айта кетерлік жайт - садақа беру. Адам жиі садақа беретін болса сол тапқан табысы берекелі болады. Адам тапқан табысының несібесін көреді. Кейбір адамдар 1миллион 500 мың тауып жатса да ұқсата алмайды. Ал кейбір адамдар 100 мың тауып жатса да берекетін көріп барлығына жеткізіп үй де алып жатады…

Сіздер өмірлеріңіз қалай өтетінін бір сәт ойлап көрдіңіздер ма?

Бәрі. Жоқ.

Жанна. Онда мені тыңдаңыздар. Ең бірінші сіздер туыласыздар, өсесіздер, сосын мектепте оқисыздар күндердің күнінде ол мектепті де бітіресіздер. Оған дейін ата-ананың қаржысына өмір сүресіздер. Мектепті бітірген соң міндетті түрде университетке оқуға түсесіздер. Грант болса бағыңыз егер олай болмаса тағы ата-анаға күш түседі. Жақсы сіз грантта оқыдыңыз делік.  Одан кейін оқуды бітіріп мамандық бойынша жұмыс істейсіздер немесе басқа жұмыс жасайсыздар. Мәңгілік ешкім жұмыс жасамайды. «Бас екеу болмай , мал төртеу болмайды» дейді ғой. Өмірлік жарларыңызды кездестіріп той жасайсыздар. Ол тойды өз ақшаңызға жасасаңыз тағы жақсы. Оған кредит аласыздар. Үйленген соң жеке тұру керек, яғни үй аласыздар оны 90% адамдар ипотекаға алып жатады. Одан кейін астыңызда көлік болуы керек. Оны тағы еңбектеніп жүріп аласыз. Міне осының барлығы болған соң шамамен жастарыңыз 30-ға жақындайды. Үйленіп той жасап алып. Үй сатып алып, көлік мініп алған соң, бала болу керек. Ол баланы өсіресіздер. Мектепте оқытасыздар, университетте оқытасыздар. Баланың қамы деп жүргенде, жастарыңыз да біразға келеді. Балаларыңыз үйленеді, оған той жасайсыздар. Кейін балаларыңыз бөлініп шығады. Сөйтіп жүріп зейнетке шығасыздар, бір пенсияларыңыз көрген күніңізге жетсе тағы жақсы, бала-шағаңызда көмектесіп тұрса. Бірақ бәрібір қарт кісіге ол ақша жетпейді, сондықтан қосымша жұмыс істейсіздер. Осылай бүкіл өміріңіз көз алдыларыңыздан өте шығады. Бұл шеңбер көп отбасыларда әлі күнге осылай жалғасып келеді. Біз өмірге тек жұмыс істеу үшін келмейміз ғой. Сондықтан біз сіздерге осы рамкадан,осы шеңберден шығуға көмектесеміз.

Гүлжамал тәте. Ия дұрыс айтасыз.

Аян. Бәрін по факту айтып тастадыңыз. Біз өміріміздің бұлай бір сарында өткенін қаламаймыз. Біздің де бай болып ақша тауып, Дубайда аяқты аспаннан келтіріп қойып, кальянды бұрқыратып жатқымыз келеді.

Жеңіс аға. Жасыңа жетпей кальян деп қояды ғой мынауың.

Аян. Ой аға қойыңызшы, как будто өзіңіз ондайға жоламайтын сияқты.

Жеңіс аға. Кхм, кхм қой інім. Сәкен досыңа бірдеңе десеңші.

Сәкен. Брат үндемеші.

Аян. Бір ауыз сөзің мөлдіреген көзің ғой досым.

Жеңіс аға. Шынымен -ақ біздің де байып, мынау қараңғы өмірден жарық өмірге аяқ басқымыз келеді.

Аққу. Өз басым Сәкенмен бақытты болсам болды болашақта. Артық ештеңе керек емес.

Аян. Қойшы Аққу , ақша по любому керек қой.

Аққу. Нууу…

Сәкен. Қойшы деймін брат.

Көркем.(Тек Аққуға) Аққу сұрашы, сонда не істеу керек баю үшін. Мен де сенің жігітің сияқты ақша тапқым келеді. Мен де өз керегіме ақшаны өзім тапқым келеді.

Аққу. Қазір. Жан сонда бізге не істеу керек, біз бәріміз жұмысқа кіруге дайынбыз.

Сәкен. Жанна ханым енді жұмыс туралы айтып берсеңіз.

Жанна. Бізде бизнестің екі түрі бар. Біріншісі- кафе, немесе кішігірім ресторандар ашу. Сіз оны жаңадан ашқандықтан оның бас-қасында жүруіңіз керек болады. Оның арендасы бар, ішіндегі оформлениесы бар, жұмысшылар алу қажет және көптеген документтері бар жүгіретін. Яғни сіз бизнесіңіз дөңгелеп кеткенше тыным таппайсыз. Осының барлығын іске асырамын дегенше көп уақыт кетеді. Сонша уақыт жұмыс жасағаныңыз текке кетпей жемісін берсе жақсы. Оның жеміс беретініне бірақ ешкім гарантия бермейді. Міне бизнестің бірінші түрі осы. Ал екінші түрі - біз істеп жатқан бизнес. Бұл жақта біріншіден, сіздің байып кететініңізге гарантия бар. Екіншіден, шаршап шалдығып жұмыс жасамайсыз. Яғни мен сияқты дәл осылай адамдарға жұмысты жақсы  түсіндіріп берсеңіз болғаны. Үшіншіден, біздің компанияның жұмыс жасап жатқанына биыл 15 жыл толып жатыр. Толықтай сенуге негіз бар. Сіздер басында жұмысқа кіріспей тұрып бізге миллион теңге бересіздер. Сосын біз сіздерге оны бір ай өткесін, үстіне жарты миллион қосып қайтарып береміз. Сіздер бір айда біздің қаржылай сауаттылық туралы және т.б. сабақтарымызға келіп өз білімдеріңізді шыңдайсыздар. Міне қазірге айтарым осы. Егер барлықтарыңыз кіретін болсаңыздар дәл қазір миллион теңгеден маған бересіздер.

Сәкен. Дым уайымдамаңыздар. Мен де басында дәл осылай кіргенмін. Сенсеңіздер болады.

Аян. «Кто не рискнет тот на пьет шампанского» деген орыстар. Міне телефон, алыңыздар кредитті. Мен досыма сенемін.

Жеңіс аға. «Кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді» деген. Мен де өз көршіме сенемін.

Гүлжамал тәте. «Шешінген судан тайынбас» деп мен де мақалдатайын. Кіремін. Істегім келеді менің де. Нағашым мені ешқашан алдамаған.

Аққу. Сенсең болады Көркем. Менің жігітім мошенниктердің қатарынан емес. Ертең- ақ байып кетеміз.

Көркем. Жақсы Аққу, саған сендім.

(Барлығының телефонынан кредит алады және барлығы мәз болып сахна сыртына тарап кетеді)

 

3-САХНА

(Сахнада барлық пирамидаға кірген адамдар тұрады)

Сәкен. Бүгін сіздерге ақша түсуі керек.

Аян. Брат точно ма? А то күтіп жүргенімізге ай болып қалды.

Жеңіс аға. Иә, Аян дұрыс айтады. Ещё аптасына үш рет болатын қаржылық сауаттылықтың сабағына қатысып жүргенімізге бір ай болды.

Аққу. Сәл шыдаңыздар Сәкен айтса істейді. Бүгін түседі деді ғой түседі.

Гүлжамал тәте. Мынау қыз да жігітін қорғап қоймайды. Айтса істейді дейсің, ақша түседі дегеніне уже үш күн болды. Әй нағашы мынау бар ақша ма, жоқ ақша ма? Әйтпесе ертең кредиттің күні. Осыдан түспесе көрде тұр.

Көркем. Аққу точно түсе ма? Әйтпесе менде қорқа бастадым. Мынау подозрительно уже.

Аққу. Мен де точносын білмеймін. Бірақ сенуден басқа амалымыз жоқ.

Сәкен. Уайымдамаңыздар. Компанияда кішігірім техникалық ақаулар болып жатыр. Оның барлығы бүгін жасалуы керек. Тек күтіңіздерші.

Аян. Да ну мынаны қара! Миллион теңге каспиға түсіп тұр ғо прикинь.

Жеңіс аға. Қане көрсетші. Мәссаған!

Аян. Барлықтарыңыз қараңыздаршы телефондарыңызға.

Аққу. Маған да түсті.

Гүлжамал тәте. Алтын нағашы менде ғана бар. Миллион теңге түсіп тұр.

Көркем. Қандай күшті маған да түсті.

Сәкен. (Телефонмен сөйлесіп жатады және ортаға қайта кіреді) Айттым ғой сіздерге. Сіздер маған сенбедіңіздер. Так ертең сіздер толыққанды табыстарыңызды яғни бес жүз мың теңгелеріңізді офистан ала аласыздар. Каспий банктің лимитіне байланысты сіздерге бірден миллион жарым аудару мүмкін болмады. Ертең офиста кездескенше.

Аян. Болд брат смело. Мынау кайф жұмыс болды ғой.

Аққу. Енді біз бай боламыз Көркем.

Көркем. Рахмет подруга.

Жеңіс аға. Бақыт қой мынау.

Гүлжамал тәте. Қандай керемет.

(Барлығы қуанып бақытты болады, сахнада ары бері жүгіріп жүреді. Жарық түрлі түсті болып жанады. Көңілді билеуге болатын музыка қойылады, барлығы бірге билейді. Заманауи би)

 

4-САХНА

(Билеп болғасын жарық өшіп қайта жанады, барлығы офиста Жанна ханыммен кездесіп отырады)

Жанна. Барлықтарыңызға кеше ақшаларыңызды жіберген болатынбыз. Түскен шығар иә?

Барлығы. (жамырап) Иә түсті, рақмет!

Жанна. (Қалтасынан ақша шығарып барлығына таратып береді) Мынау сіздердің алғашқы табыстарыңыз. Бүгін мен сіздерге осы айдың жоспарын айтатын боламын.

Аян. Рақмет сізге Жанна ханым. Енді сізде тоқтамай жұмыс жасауға дайынбыз.

Гүлжамал тәте. Иә Жанна, рақмет саған.

Жанна. Аха сіздерге де рақмет, маған сенім артқандарыңыз үшін. Бүгін сіздер алғашқы табыстарыңызды алдыңыздар. Енді біз тек осымен шектелмейміз. Алда бұдан да көп қаржы табуымыз керек. Ақшаны тек өздеріңізге емес болашақ ұрпақтарыңызға да қалдыратындай дәрежеде жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін біз не істейміз. Ең бірінші «инвестиция» жасаймыз. Мен мысал келтірейін. Кейбір адамдар білім алуы үшін ақша төлейді ,ағылшын оқиды тағысын тағы курстарға қатысады. Бірақ олардың барлығы сол құйған ақшасын қайта өндіріп алады ма? Сұрақ сіздерге?

Жеңіс аға. Енді ол оқыған адамның ынтасына қарай ғой. Біреуі тек ата-анасы күштегесін оқиды. Біреуі шын оқығысы келеді деген сияқты.

Жанна. Деген сияқты емес, ол рас. Міне білімге инвестиция құю жақсы егер сізде ынта-жігер болса. Қазіргі таңда көп адамның басты проблемасы осыда. Өзі қаламайтын нәрсеге инвестиция жасап жатады және содан опық жейді. Бұл тек шығын алып келеді. Сондықтан ылғи инвестиция жасайтын кезде ойлану керек. Ал менің сіздерден сұрағым келетін нәрсе, сіздерде осы жұмысты ары қарай кәсіп қылып істеуге ниет бар ма?

Барлығы. Ия. Әрине. Қуана-қуана.

Жанна. Онда тіпті керемет. Біз тек жарты миллион ақша табумен шектелмеуіміз керек онда. Біз сіздерді бір ай оқыттық. Қаржылық сауаттылықты үйреттік. Енді сіздерде тек екі миссия қалды. Біріншісі инвестиция жасау екіншісі сол инвестицияны екі есе өндіріп алу үшін бар білімдіеріңізді салып жұмыс жасау.

Аққу. Ол қалай сонда?

Жанна. Сіздер ең бірінші 1 миллион теңге салып, 1,5 миилион теңге таптыңыздар. Енді 2,5 миллион теңге салып ,5 миилион теңге табыс табу. Болды.

Сәкен. Ол қалай болады?

Жанна. Сәкен ең бірінші сендер айтқан соманы салыңдар, сосын мен барлығын да толығымен түсіндіріп беремін. 

Аян. Оо кайф. Конечно мынау жақсы ғой. Бүгін 1,5 миллион таптық ертең 5 миллион тапсақ, арғы күні 10 миллион табамыз. Бұл даму ғой. Смело мен келісемін.

Көркем. Аққу мынау расымен жақсы екен. Көп рақмет саған.

Аққу. Иә енді біздің өміріміз тек жақсы арнада ағады.

Гүлжамал тәте. Рахмет Сәкен бізді осындай жұмысқа алып келгеніңе. Сенен жақсы нағашым жоқ менің.

Жеңіс аға. Ой біздің көрші алтын ғой. Жанна ханым сізге де рақмет. Біз ары қарай істейміз.

Сәкен. Иә, Жанна ханым. Рақмет сізге, бұйырса осы кәсіпті дөңгелетіп компанияны биік шыңдарға жеткізейік.

Жанна. Өте тамаша! Онда дәл қазір маған 2,5 миллион теңгеден берсеңіздер.

Барлығы. Әрине, әрине. (Барлығы телефондарынан кредит алады және соны Жанна ханымға береді)

Жанна. Болды ертең тура осы уақытта осы офиста кездескенше.

(Жарық сөніп қалады барлығына кезек-кезек түседі)

 

Аян. Шіркін енді бай болсам екен. Осы жұмыс, хотя бы осы жұмыс оңынан жүріп кетсе игі еді. Әйтпесе талай жұмыс істедім, байып кете алмадым. Мүлдем! Официант болып бір кафеде жұмыс жасадым. Сабағым 2 ге дейін болса мен ол жерде 3тен кешкі 10 ға дейін істеп жүрдім.Зарплатам 90 000 тг болды. Қолым тиетіні тек 60 000 тг. 30 000 тг кешіккенім үшін, клиенттерге дұрыс қызмет көрсетпегенім үшін және варенье сатпағаным үшін ұстап қалатын. Иә варенье. (қолымен көрсетеді) Осындай кәдімгі варенье, ал бағасы 3000 тг және күніне біреу сату керек. Вообще әділет жоқ. Оны қайбір адам алады дейсіз. Клиентке жалынып жалбарынып жүріп әрең сатамыз кейбірі тіпті қатып алады. 2000 ға бер дейді. Амалдың жоқтығынан сол ақшаға сатамын. Қалғанын қалтамнан шығарамын сол баяғы штраф салмасын деп. Бұл жұмыстан қайыр болмады. Құры қажытты. Тағы сол сияқты екі-үш жерде жұмыс жасадым. Оларда айтарлықтай табыс табатын жұмыс емес еді.

   (Үнсіздік) Әкем 7 жасымда қайтыс болған. Артымда 2 қарындасым 1 інім бар, ал анам больницада жұмыс жасайды…  Пол жуушы. Алатыны 70 мың. Ол 4 балаға жетті ғой дейсіздер ма. Іні қарындастарым күнде мектептен жылап келгенде жүрегім ауыратын. “Мама әкем қайда?” “Мама сумкам жыртық” “Мама аяқ киімім тесік” “Мама бүгін мені кластастарым жетім, кедей деп келекетті” “Мама қашан бай боламыз” айтатынындары күнде осы, еститіндері келеке, мазақ. Ал менің қолымнан түк келмегеніне қатты қынжылатынмын. Жүрегім ауырып әлдебір белгіміз өксік тамағыма келіп тығылатын. Шарасыз күйде көзімнен еріксіз жас шығатын. Анамның шаршаған, әжім басқан, қиналған түрімен бауыр, қарындастарыма өтірік жымиып тұрып “Уайымдамаңдар, бұйырса зарплатам қолыма тисе байимыз” дегенін көргенде тіпті өзімді қоярға жер таппай қалатынмын.

   Қазір мүлде басқа. Бір айда 1 жарым миллион таптым. Иә осының барлығы Сәкен досымның арқасы. Енді жоқшылық деген мүлде болмайды. Байып кетсем анам мүлдем жұмыс істемейді. Белін ауыртып біреудің таптап кеткен жерін жумайды. Тек демалады. Іні-қарындастарымды ешкім келеке қылмайды. Олар кеудесін көтеріп жүретін болады. Тек баршылық болады. Бай боламыз. Ешқашан отбасымның басын өзгеге игізбейтін боламын. Жұмыс оңынан жүріп кетсе болғаны.

(Жарық өшеді, Гүлжамал тәтеге түседі)

 

Гүлжамал тәте. Қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей тұр. Енді алдағы уақытта өз күшіммен ақша тауып байып кетсем жақсы болатын еді. Нағашыма рақмет, осындай жұмыс тауып берген. Осыған дейін қолым босап, жұмыс жасай алмадым. Бала қарадым.

   4 балам бар. Күнде соларды қараумен қолым босамайтын. Тамағын беремін, киімін жуамын, сабағын қаратамын. Барлық тірліктерін өзім істеймін. Күйеуім басқа қалада стройкада жұмыс істейді. Айына 200 000 тг ақша салып отыратын. Оның өзін төрт балаға әрең-әрең жеткізіп отыратынмын. Солай екі-үш ай ақша салып жүрді. Бір айда мүлде ақша салмады. Хабарласпады. Қатты уайымдадым. Достарына хабарластым 1 аптадай мүлде хабар ала алмадым. Ақша жоқ, балалар аш, туысқанның бәрінен қарыз алып қара бет болып кеткенбіз. Күйеуіме деген өкпем қара қазандай болды. Бір күні кеште сары уайымға салынып отырсам, күйеуім звандады. Қуанып кеттім. Трубканы алсам арғы жақтан әлсін-әлсін күйеуімнің даусы шықты. Ол маған тура осылай деді. “Жаным Гүлжамал, маған жұмыста үлкен саты құлады, қолымды жарақаттап, басымды жарып алдым, есімді енді жинап жатырмын, өздерің барынша күнелте тұрыңдар, мен бір айда жазылып үйге барамын, сол жерден басқа жұмыс тауып істейтін боламын”

Дәл осы сөздерді естіп үш күн ұйықтай алмадым, қатты уайымдадым, өзімді жазғырдым, мен оған ренжіп жүрсем, ол арғы жақта больницада жатқан екен. Өзімді бір апта жегідей жеп жүрдім. Балаларға да бір апта дұрыс қарай алмадым. Сосын өзімді қолға ала бастадым. Күйеуімді күтіп жүргенде бір бөтен нөмір звандады ,көтеріп едім күйеуімнің досы екен. Бірден күйеуімнің жағдайын сұрадым. Түсінбеді. Мен оған барлығын айттым. Сөйтсем күйеуім жұмыстан бәр ай бұрын шығып кетіп, ішкілікке салыныпты. Мені алдаған. Жынданып кете жаздадым. Содан бері күйеуімнен бір хабар алмадым. Бір аптадай іздедім. Таппадым. Не телефонын көтермейді. Күйеуімнен түбегейлі үміт үздім. Балаларды өзім асырамасам ешкім асырап бермейтінін түсіндім. Күйеуімнің не өлі, не тірі екенін білмеймін. Хабарсыз кетті… Сомен жұмыс іздеп жүріп, Сәкенді кездестірдім. Енді бақыттымын, кіріс бар, ақша бар, отбасым мәз. Ең бастысы күйеуіме күнім қарап қалған жоқ. Балаларым ылғи тоқ, киімдері бүтін болса болды мен үшін. Ақшамды тауып отырсам. Менен бақытты ешкім жоқ. Қалғаны осы жұмысты дөңгелету. Тоқтамау керек.

 

Аққу.Басқа қаладан келгенімде ешқандай тіреуім болмады. Күн көруімде қиын болды. Сабақтар да қиындасып кетті. Жалпы өмір сүруім қиындап кетті. Үйдегілер ауыл шаруашылығымен айналысады. Ол кісілерден қайта-қайта ақша сұрау ұят. Мына жақта пәтерімнің өзіне әжептәуір ақша кетіп жүрді. Тамағым тағы бар. Сөйтіп бір күні жылағым келіп скамейкада отырсам біреу қасыма келді. И так настроением жоқ болып отырсам. «Қарындас таныспадық па» дейді. Таныспаймын дедім. Ол қоймады, мен сәл қырсығып едім болмады. Сонымен әңгімелесіп кеттім. Есімі Заңғар болатын. Нөмерімді алды. Біз күнде сөйлестік. Солай жүріп тіпті күнде кезедесетін болдық. Менің махаббатан басып айналды. Өміріме бір мән қосылғандай болды. Ақшаның уайымын бір сәтке болсын ұмыта бастадым. Заңғармен өзімді бақытта сезіндім. Басымда қандай проблема болмасын соған айтып жүрдім. Ол шешіп беретін. Бір күні ол мені әдеттегідей кездесуге шақырды. Екеуіміз ылғи отыратын паркта сол бір алғашқы скамейкада отырдық. Сағаттап әңгімелестік. Сүйістік, ұзақ сүйістік. Бір кезде ол орнынан атып тұрып, мені жетектей кетті. Үйімде ешкім жоқ кеттік дейді. Көзі де қызарып кеткен. Заңғардың мұндай түрін бұрын көрмегенмін. Шошып кеттім. Бармаймын пәтерге қайтамын дедім. Ол мені сүйрей бастады. Мен қатты қорықтым, жылап жібердім. Ол мені сүйреп көлігіне апара жатты, мен түсінбей шыңғырып жатырмын. Бір кезде мені сүйреп бара жатқан күш жоқ болып кетті. Қарасам Заңғар жерде ұзынынан жатыр. Бір жігіт маған қолын созып, «қарындас сізде барлығы жақсы ма» дейді. Ол қазіргі жігітім Сәкен болатын. Сол кезде Сәкен мені құтақармағанда қазір мен қандай боларымды кім білсін. Міне, содан бері мен Сәкенге өзімнен қатты сенемін. Сол үшін де оның бастамаларына ылғи қолдау білдіремін. Ал енді бұйырса осы жұмысы оңынан жүріп барлығымыз байып кетсек жақсы болатын еді.

 

Жеңіс аға. Алдымда екі ағам бар. Олардың бизнестері бар. Ал мен оқуымды 3 жыл бұрын бітірдім. Әлі ата-анамның қасындамын. Не жұмыс таппадым, не үйленбедім.  Күнде осыны үйдегілер бетіме басып айтады. Үйдегіделердің көзіне күйік болып біттім. Қылт етсе екі ағаммен салыстырады келіп. Бірде жақсы бір жұмыс таптым. Айлығы 300 000 тг болды. Бірақ ең жаманы грузчик болып жұмыс істедім. Сонда да шүкір етттім. Жатып арам тамақ атанғанша бір жұмыстың басын қайырып жүрмеймін бе деп ойладым. Күнде таңертеңнең кешке дейін қап тасып жүрдім. Бүкіл күш-жігерімді алып қойды. Бір ай әрең істедім. Сонымен белім ауырып маза бермеді, бір екі күнде нормально болып кетеді деп жүре бердім. Бірақ күннен күнге белім шыдатпады. Сөйтіп больницаға барып тексерілсем «грыжа» дейді. Тіпті, асқынып кетіпті. Операция жасамаса болмайды деді. Амал жоқ, ата-анама айттым. Олар менің денсауылығыма алаңдаудың орнына слабак деп ұрсып берді. Бір ай жұмыс істеп бұлай ауырса жылдап жұмыс істесе өледі екен дейді келіп. Әттең, ол кезде қауқарсыз болдым. Қолымнан дымда келмеді. Ата-анамның екі ағамның ақшасына операция жасадым. Барлығы тәуір болып, белім жазылды. Енді ауыр көтеруге болмайтын болды. Кредитке машина алдым да таксовать еттім. Әйтеуір ақшамды тауып жүрдім. Өз күнімді көруге жетті. Бір күні түнделетіп үйге қайтып бара жатып, көзім ілініп кетті. Есімді жинасам тағы больницадамын. Ата-анам қасымда аянышты да ашулы түрмен қарап тұр. Өзімді өте ыңғайсыз сезіндім. Өлімнен аман қалғаным ойымда жоқ, ата-анамнан ұялғаным-ай. Әлі кредиті бітпеген машинаны жарамсыз қылдым. Ал өзім тағы больницаға түстім. Масыл болды деген осы екен. Сонымен жазылып шыққаным осы болды. Жұмыс іздеп жүр едім көрші Сәкенді кездестірдім. Енді шүкір етем. Жақсы жұмыс таптым, өмірім қалпына келіп жатыр. Жұмысымды дөңгелетсем, үй алсам, сосын үйленсем, ата-анамнан бөлініп шықсам, шіркін... Қандай бақытты жан болар едім. Осындай жұмыс тауып берген Сәкенге барлығы үшін рақмет айтамын.

 

Көркем. Жетім өстім. Детдомда өстім. Мейірім көрмедім. Жүрегім еш жылулық сезбеді. Өмірім сондай қараңғы болды. Ешкімге сенбедім. Ішінде ештеңесі жоқ, қуыс қамыс сияқты болдым. «Жетім» деген атым бар емес пе. Еш жерге сіңісе алмадым. Ешқандай орта қабылдамады. Жетімдер үйінен шыққасын бір бөлмелі пәтер берді, ескі болса да әйтеуір тұруға жарарлық еді. Барға қанағат деп сол бір лашық іспетті пәтерде тұрдым. Бір кафеге ыдыс-аяқ жуушы болып жұмысқа кірдім. Өмірім тек бір сарында өтіп жатты. Күнде таңертең берекесіз, қадір кеткен қаңыраған пәтерде оянып, 5 мың теңге үшін өзгелердің былғаған ыдысын таңнан кешке дейін жуып күн көріп жүрдім. Мен осы бір өмірді сүріп жүрген кезде өзімнің нағыз жетім екенімді түсіндім. Жалғыздық жаныма қатты батты. Қаңыраған пәтерде күнде өзім жалғыз жата беруден шаршадым. Өмірімнің дәм-тұзы кетіп, ескі телевизордан көретін ақ қара түсті фильм сияқты өтіп жатты. Не үшін, кім үшін, не мақсатта мына құрғыр өмірді сүріп жүргенімді түсінбедім. Айнадан жасалған бірақ шығатын жері жоқ лабиринтке кіріп кеткендей болдым. Шығатын жері жоқ екенін білсем де, санамда бір жасырын үн жаңғырып тұрып “тоқтама” дейді. Ал мен үмітсіз шайтан деймін де, сөнейін деп тұрған ең соңғы үміт отымды өшіріп алмайын деп алдыға ұмтыла беремін, ұмтыла беремін. Сонда сол ұмтылыс маған не берді? Ештеңе! Ештеңе! Ештеңе де берген жоқ! Тек жалғыздық, қараңғылық және болашаққа деген сенімсіздік. Мен жылайтынмын. Ұзақ жылайтынмын. Ата-анама, туған ата-анама керек болмайтындай мен не бүлдірдім… Осының барлығы көкейімде сайрап тұратын. Осы сұрақтан шекемдегі тамырым атылып кетердей қағатын…

   Шаршап жұмыстан қайтып келе жатқан күнім еді. Денемде әл жоқ, автобусқа кірсем ине шаншар жер жоқ. Амалсыз кішігірім жер тауып тұрдым. Бір кезде менің остановкама тоқтады. Есіктен шығып бара жаттым, көзім қарауытты. Ары қарай есімде дым жоқ. Көзімді ашсам больницада жатырмын, қасымда бейтаныс қыз: «Қалың қалай»,- дейді…

  Ал сол бейтаныс қыз менің сөніп бара жатқан отымды лапылдатты. Жұмысқа шақырды. Нәтижесін көрдік. Сәкенге рақмет. Бұйырса жақсы ақша тауып байысам барлығынан құтыламын. Кедейліктен, ыдыс жуудан, админның айқайынан, ескі пәтерден, жұпыны киімнен. Барлығын жаңаға айырбастаймын. Өмірімді де жаңа парақтан бастаймын. Тек осы бір жұмысты дөңгелетіп алып кетсем екен…

(Жарық жанады)

Сәкен: Жақсы, Жанна ханым сау болыңыз!

Жанна. Сау болыңыздар!

Барлығы. Кездескенше Жанна ханым!

(Сахнадан тарап кетеді)

 

2-АКТ

5-САХНА

  Классикада 4 ұл 4 қыз сахнаға шығады. Қолдарында бір-бір қағаздан, Әрқайсысы өзінің компаниясын жарнамалап жатады.(“МММ”, “Телемаркет”, “Тибет”, “Хопер-инвест”, “РДС”, “КазРосИнвестПроект”, “Finiko”, “Тяньши”)

1.Біздің “МММ” компаниясына жұмысқа  кіретін болсаңыздар миллиондап ақша табасыздар.

2.”Телемаркет” компаниясы сіздің үйде жатып баюыңызға үлкен себепші.

3.”Тибет” компаниясы бұл тек компания емес. Сіздің табысыңыздың көзі.

4.”Хопер-инвест” компаниясы, сіздің жарқын әрі бақытты болашағыңыздың кішігірім себепшісі.

5.”РДС” компаниясы өміріңіздің жеңілдеуіне көмектесестін бірден бір компания.

6.”КазРосИнвестПроект” бұл компания тегін компания емес. Баюыңыздың, миллионер болуыңыздың, кепілі.

7.”Finiko” бұл компаниясы кедейліктің қас жауы, байлықтың адал досы.

8.”Тяньши” ақшаның асқар шыңы.

 

Егер компанияға жұмысқа кірсе көп ақша табатынын, байып кететінін айтып жатады. Шу болады. Сырттан ысқырық артынан уақыт деген дауыс естіледі. Барлығы сахна сыртына шығып кетеді. Жарық өшеді.

 

6-САХНА

(Пәтер іші, Сәкен өзі жалғыз отырады)

Сәкен. Алло. Ия Жанна ханым. Иә, иә түсінемін ғой. Аха… Банкрот! Қалай сонда? Дымда түсінбедім? Алло, Жанна ханым. Алло. Алло! Алло!

(Телефонды лақтырып жібереді)

Құрып кеткір! Твою мать! Қырсық! Енді не істеймін!.. Сабыр, сабыр! Сабыр ете алмаймын! Сабыр ет Сәкен! Жоқ бір емес 6 тағдыр осыған байланып тұр! Енді сабыр етпестен басқа амал жоқ! Қайдағы сабырды айтасың Сәкен, мына жақта тағдырлар таразыда тұр! Басқа қолымнан түк те келмейді! Жоқ келеді, тек сабыр етші! Жоқ мүлдем 6 миллионды мен қайдан табамын! Қолыңнан келеді, сабыр ет сабыр! Жоқ!(Бөлменің тас-талқанын шығарады) Жоқ! Сабыр етпеймін! Ете алмаймын! Мүлдем!

Аян. Не болып жатыр? Бәрі дұрыс па Сәкен?

Сәкен. Иә бәрі дұрыс!

Аян. Ой, соқпа өтірікті. Сенде бір нәрсе дұрыс емес.

Сәкен. Бәрі жақсы деймін!

Аян. Жарайды енді, сонша ашуланғаны несі. Бүгін ақша түсетін күн ғой. Настроениеңді көтерсеңші. А ещё Аққудың туған күні келе жатыр.

Сәкен. Иә, иә.

Аян. Айпақшы, қазір бүкіл коллегамыз келуі керек. Сосын Жанна ханымға барып зарплатамызды алсақ. Әйтпесе ана кредит күнде звандап бәле болды.

Сәкен. Басқалар қашан келеді?

Аян. Қазір келіп қалуы керек.

Сәкен. Ее, түсінікті.

Аян. Сәкен родной не болды, айтшы маған? Что с тобой вообще? Бүгін ақша аламыз, Аққудың туған күнін жуамыз, до конца до утра қуамыз брат!

Сәкен. Қойш, брат!

Аян. (Қолымен түртіп)Айтсаңшы брат не болды?

Сәкен. (Қолын қағып жібереді) Аян сұрай бермеш, надоелсың уже. Барлығы келсін. И так нервым ауырып тұр.

Аян. Да ладно брат без обид…

Сәкен. (Іштей күбірлегендей болады) Сенің емес менің кешірім сұрайтын жөнім.

Аян. Ау?

Сәкен. Ештеңе.

Аян. Вот келді аналар да.

Аққу. Чё за бардак мына жақта?

Аян. Оны неғыласыңдар, кіріңдер.

Жеңіс аға. Қош келдік, миллионерлер!

Гүлжамал тәте. Жағдайларың жақсы ма?

Сәкен. Жағдайымыз мүшкіл Гүлжамал тәте, мүшкіл.

Гүлжамал тәте. Не болып қалды?

Сәкен. Бірінші отырыңыздаршы барлығыңыз. Сосын келісіп алайық мені соңына дейін тыңдаңыздар. Түсінікті ма?

Барлығы. Жарайды.

Сәкен. Бірден айтайын алдыларыңызда айыптымын. Мен бұның осылай аяқталарын білмедім. Тіпті өзімде қораға кіріп отырмын. Тек менде көп ақша тапқым келді. Менде өзгелер сияқты байығым келді.

Жеңіс аға. Көп созбай ашығын айтшы, айналайын.

Сәкен. Қазір Сәкен аға, тыңдасаңызшы.

Гүлжамал тәте. Жарқыным, тез-тез айтшы.

Сәкен. Өтініш, сабыр етіп тыңдаңыздаршы.

Аян. Брат, тез айтшы!

Сәкен. (Айғаймен)Банкрот! Банкрот болды компания ешқандай ақша жоқ. Миллиондар желге ұшты! Осы ма осы ма тыңдағыларыңыз келгені! Енді ешқандай байлық жоқ. Арман мақсаттарыңыздың барлығы желге ұшты!

Аян. (Жүгіріп барып, Сәкеннің жағасынан алады) Е, Сәкен сендік қой саған, мынауың не тірлік. Жұмысқа тартуын тартып алып жарты жолдан лақтырып кеткенің қалай?

Сәкен. (Аянның қолын жұлқып тастайды)  Мен ба? Мен ба ақшаларыңды тартып алып бермей қойған, мына сендер емес пе келіскен.

Жеңіс аға. Сәкен, мынауың адамның емес иттің тірлігі. Енді біздің бүкіл кредитімізді өзің төлеп бересің ба?

Сәкен. Неге сондайсыздар? Ешқашан қателікті өздеріңізден іздемейсіздер. Бәлкім, менің де кінәм бар шығар, бірақ, мен сіздерді күштеп қинадым ба? Өздерің ақша дегенде елең етіп, кірген жоқсыңдар ма?

Гүлжамал тәте. Сәкен, айналайын! Мен ештеңені білмеймін маған ақшаны бір аптаның ішінде тауып бер!

Аққу. Жан, ренжімеші, бірақ Гүлжамал тәте рас айтады. Бізге ақша керек. Кредиттің уақыты келе жатыр. Білесің өзіңде, Көркем екеуіміздің ешқандай тірегіміз жоқ екенін. Сол үшін енді бірдеңе қылшы, егер де морально көмек керек болса, көмектесуге дайынмын.

Аян. Гүлжамал тәте, дұрыс айтасыз. Брат ренжіме бірақ 2 жарым лям оңай ақша емес. Бізге де керек. Бірақ сенің қайдан табатыныңды білмеймін. Бірақ келесі аптаға дейін қойып таста ақшаны. Әйтпесе басқаша сөйлесеміз. Ренжіме әрине.

Жеңіс аға. Сәкен! Ақшаны қайдан табасың білмеймін. Бірақ бізге келесі аптаға керек. Әйтпесе Аян айтқандай, басқаша сөлесуге тура келеді. Қазірше сені жайыңа қалдырамыз. Қайттық жүріңдер.

(Барлығы шығып кетеді сахна бос қалады)

(Монолог)

Сәкен. (Күрсініп, мұңды дауыспен)  Кім ойлаған…

Адамдардың барлығы ақша өмірді өзгертеді деп ойлайды. Бәлкім дұрыс… Бірақ ақша деп адамдық қасиеттен айырылмау керек қой. Менің ойымда тек көмек беру еді. Жақындарым деп тек соларға ұсындым. Жағдайларын түсіндім. Мен білмедім, расымен білмедім… Мен де олар сияқты Жаннаға сендім. Ол да мені мынау кедейліктен алып шығады деп ойладым. Ал енді не болды? Ешкімім қалмады… Әкем марқұм айтушы кішкентай кезімде “Балам өмірге жалғыз келіп жалғыз кетесің, адамдарды өзіңе қатты жақын ұстама, не сен оны тастап кетуің керек болады, не ол сені тастап кетеді” деп. Осы сөзінің дәлелі ретінде өзі мені бірінші тастап кетіп еді. Әттең аңғал болдым. Бір жағынан менікі де дұрыс емес шығар, өзі қиналып жүрген жандарды одан сайын қарызға батырдым….

  Бірақ мен ше? Мені ойлайтын жан бар ма? Ақша бар да қасымда ет бауырым болым жүрді емес пе олар. Енді келіп аяқ асты өзгеріп шыға келді. Тіпті маған басқаша сөйлесем деп қояды. Мейлі сөйлессін, мен оларға бәрібір миллиондаған ақшаны апта ішінде тауып бере алмаймын. Соттай ма , әлде ұрғыза ма енді маған бәрібір…

(Ашуға беріліп бөлмесінің тас-талқынаны шығара бастайды)

Бәрібір! Маған бәрібір! Соттатсын! Ұрғызсын! Бә-рі-бір!

(Бөлмеге шеттен Көркем кәріп келеді)

Көркем. (Ақырын ғана) Сәкен.

Сәкен. (Сәл өзіне келіп) Көркем сен мұнда не істеп жүрсің?

Көркем. Сіздің қалыңызды сұрайын дегенмін.

Сәкен. Жағдайым көргеніңдей! Халімді білдің Бее, кете бер!

Көркем. (Кері бұрылып кетіп бара жатып Сәкенге қайта бұрылады) Не ғой?!

Сәкен.(Тез жауап қатады, айқайлап жібереді) Не! (Сабыр сақтап, өзіне келіп) Ренжіме ыңғайсыз болды ау. Айта бер.

Көркем. (Қысылып) Ештеңе етпейді. Сізді түсініп тұрмын. Жағдайыңыз оңай емес… Сол сізге көмектессем.

Сәкен. (Күліп) Қалай көмектеспекшісің, Көркем. Оданда басқалар сияқты кете бермедің бе.

Көркем. Білмеймін. Көмектескім келеді қалай болса да. Басқалар сияқты кетуге арым жібермеді. Ұялдым.

Сәкен. Ұялдым дейсің ба? Оның жөн екен. Бірақ маған көмек керек емес. Ниетіңе рахмет! Ұялып болсаң кете бер!

Көркем. Жоқ сіз мені дұрыс түсінбедіңіз. Сіз бізге көмек керек кезде көмектесуге тырыстыңыз емес пе? Енді мен де бір амалын тауып көмектессем. Маған тек не істеу керектігін айтсаңыз.

Сәкен. Көркем түсінші. Данный момент мен өзім не істеу керектігін білмеймін! Саған не істеу керектігін қалай айтам?!

Көркем. (Қысылып, ұялады) Білмеймін, Сәкен. Бірақ сіздің қолыңыздан келеді.

Сәкен. Онда сен айтшы не істей аламын, миллиондаған ақшаны қалай табамын?

Көркем. (Қысылып, ұялады) Білмеймін, рас айтамын білмеймін. Бірақ қиын сәтте қасыңызда демеу болғым келді. Ешкімді жамандағаным емес әрине, бірақ бағана барлығы кетіп қалғанда өзімді ыңғайсыз сезіндім. Олардан ондайды күтпедім. Сіз бізге көмектескіңіз келіп жүрсе, олар кетіп қалды…

Сәкен. (Сабасына түсіп) Иә, бірақ менің ешкімге өкпем жоқ. Бұған мен жауапты болдым, олар сенді, мен сенімдерін ақтамадым. Өзімнен де кінә бар.

Көркем. Бірақ адами тұрғыдан олардікі де қате ғой. Сіз қанша дегенмен барлығының, бір жақыны емессіз бе. Түсінсе болар еді!

Сәкен. Көркем бұны сен түсінгенмен, олар түсінбей тұр ғой… Саған рақмет Көркем! Рақмет көп!

Көркем.  Жоға, о не дегеніңіз.

Сәкен. Білесің ба, мен жаңа сен келердің алдында ештеңе істемеймін деп отырдым. Маған бәрібір болды. Соттаса соттасын дедім. Ұрса ұрсын дедім. Түкте істемейтін ойда болдым.

Көркем. Неге?

Сәкен. Өмірімнің мәні қашты. Жақын досым сатты. Сүйген қызым тастады. Туысқаным теріс айналды. Көршім кетті. Бүкіл жақыным менен теріс айналған соң, өмірдің не мәнісі бар деп ойладым. Ал сен келіп бағана сөздерді айтқан кезде ойым өзгерді. Қалай ақша табам деген ойларға келе бастадым. Рақмет саған, Көркем! Қасымнан табылғаның үшін рақмет!

Көркем. Аха сізге де рахмет, Сәкен! (Құшақтап алады)

Сәкен. (Кішкене тұрып, ол да құшақтайды. Бірер минут құшақтасып тұрады)

Көркем. Енді ақшаны қайдан табатын ойыңыз бар?

Сәкен. Қазірше блімеймін. Бірақ бұйырса барлығының ақшасын осы апта қайтарып тастаймын. Сенің де ақшаңды беремін.

Көркем. Қалай?

Сәкен. Уақытында көресің.

Көркем. Айтсаңызшы енді.

Сәкен. Бұйырса бес күннен кейін тек өзің, сағат түнгі 1-де осы жерге кел. Мен саған барлығының ақшасын беремін.

Көркем. Қалай сонда?

Сәкен. Кәдімгідей. Жарайды Көркем кездескенше. (Кетіп бара жатып тоқтайды)  Айтпақшы, осының барлығы біткесін менімен қыдырып қайтуға қалай қарайсың.

Көркем. Қарсы емеспін…

Сәкен. Келістік! (Шығып кетеді)

 

3-АКТ

7-САХНА

 

Классикада 4 ұл 4 қыз сахнаға шығады. Қолдарында бір-бір қағаздан, Әрқайсысы өзінің компаниясын жарнамалап жатады.(“МММ”, “Телемаркет”, “Тибет”, “Хопер-инвест”, “РДС”, “КазРосИнвестПроект”, “Finiko”, “Тяньши”)

1.Біздің “МММ” компаниясына жұмысқа  кіретін болсаңыздар миллиондап ақша табасыздар.

2.”Телемаркет” компаниясы сіздің үйде жатып баюыңызға үлкен себепші.

3.”Тибет” компаниясы бұл тек компания емес. Сіздің табысыңыздың көзі.

4.”Хопер-инвест” компаниясы, сіздің жарқын әрі бақытты болашағыңыздың кішігірім себепшісі.

5.”РДС” компаниясы өміріңіздің жеңілдеуіне көмектесестін бірден бір компания.

6.”КазРосИнвестПроект” бұл компания тегін компания емес. Баюыңыздың, миллионер болуыңыздың, кепілі.

7.”Finiko” бұл компаниясы кедейліктің қас жауы, байлықтың адал досы.

8.”Тяньши” ақшаның асқар шыңы.

 

Егер компанияға жұмысқа кірсе көп ақша табатынын, байып кететінін айтып жатады. Шу болады. Сырттан ысқырық артынан уақыт деген дауыс естіледі. Барлығы сахна сыртына шығып кетеді. Жарық өшеді.

 

8-САХНА

(Сахна сыртынан шу, дауыстар естіледі полицияның сирені естіледі, сахнада түрлі светтер жанып өшеді, қолында сумка ұстаған Сәкен сахнаға кіріп келе жатады, бір қолымен ішін қысып ұстап кіреді, түрі өте шаршаңқы әлсіреп тұрады. Сахнаның ортасына барып отырады. Пәтер іші.)

Сәкен. (Қиналып, терең күрсініп) Шаршадым! Өмірден шаршадым! (Кішкене отырады, қолындағы сағатына қарап) Сағатта бір болып қалыпты.

Көркем. (Сахнаға кіріп келеді, Сәкенді көріп шошып кетеді, қасына жүгіріп барады.) Сәкен! Сізге не болды?

Сәкен. Ештеңе болған жоқ Көркемім! (Сумканы беріп, Көркемнің көзінше ашады) Осы жерде барлығының ақшасы бар! Тіпті артығымен!

Көркем. Ақшаны қойшы, ішіңізге не болған? Амансыз ба өзіңіз?

Сәкен. Білесің ба Көркем.

Көркем. Нені?

Сәкен. (Жөтеледі) Менің саған деген ойым өзгерген. Өтініш енді маған сіз демеші.

Көркем. Неге олай дейсіз?

Сәкен. Соңғы тілегім осы болсын. Орындашы.

Көркем. Неге соңғы дейсің?

Сәкен. Тыңдашы мені.

Көркем. Айта бер.

Сәкен. Білесің ба? Менің ет жақындарымның барлығы бала күнімде қайтқан. Сол кезде туысқаннан қайыр болмады. Ешкімнен осы күнге дейін ештеңе күтпедім. Тек өз күнімді өзім көрдім. Ешкімге жалынбадым. Ешкімге сенбедім… Жанна ханымды кездестіргенге дейін. Білмеймін қалай алданғанымды, алғашқы сөзінен-ақ, маған қараған көзінен жылулық сездім. Маған ол кісі анамдай болды. Иә, расымен, басында маған қамқор болды. Бұрын соңды жылулық көрмеген мен сөзіне сендім де қалдым. Бірақ осынау мейірім мен махаббаттың артында, улы жыланның тісі тұрғанын сезбей қалыппын. Соқыр болыппын, Көркем…

Көркем. (Бауырына қысып құшақтайды) Сәкен бұл жерде сенің дымда кінәң жоқ.

Сәкен. Өтініш мені тыңдашы, жалғыз, соңғы тілегім болсын.

Көркем. Айта бер, бірақ соңғы тілегім демеші…

Сәкен. Білесің ба, мен де мүлдем арам ой болмады… Осы күнге дейін ешкімнің ала жібін аттамадым...                                           Тірі жанға зияным тимеді…. Тек пайдам тисе дедім… Менің арманым жақындарыма пайдам тиіп өзіммен өзім өмір сүру еді… Сол бір арманыма тағы бір арман қосылып еді… Жақсы жар тауып, бала сүйсем деп едім… Сенімен сол бір күні сөйлескен кезде. Сол бір арманыма бір табан жақындадым ғой деп тығырықтан табар жол тауып едім. Енді не болды,  Көркем?..

Көркем. Өтініш олай демеші…

Сәкен. (Әлсін, анық дауыспен) Сәл демалайыншы... (Көркемнің иығына басын қойып ұйқыға кетеді)

 

 

СОҢЫ