Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Жаңалықтар Мұқағали Мақатаевтың шығармашалағынан «Мұқағали» перфомансының премьерасы өтті
Мұқағали Мақатаевтың  шығармашалағынан «Мұқағали» перфомансының премьерасы өтті

Мұқағали Мақатаевтың шығармашалағынан «Мұқағали» перфомансының премьерасы өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айының 9-ы күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында алғаш рет жыр жауһары Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали» атты перфоманстың премьерасы сахналанды. Қазақ труппасының жас актерларларының сомдауымен қойылған музыкалық-поэтикалық қойылымда ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылып, әндері шырқалды. Режиссері Мейрам Хабибулин. Бұл қойылым «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер-туған ел» арнайы жобасы бойынша және жастар жылына орай шығарылып отыр.

Сол күні қойылған екі қойылым да аншлагпен өтті. Оның ішінде басты көрерменіміз ҚР еңбек сіңірген әртісі «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, жерлесіміз Лидия Тажадинқызы Кәденова де тамашалады. Лидия Тажадинқызы жастардың жұмысына жоғары баға бере отырып, ақынның сырласы да мұңдасы Фариза Оңғарсынованың өлеңін оқып, көрермен қошеметіне ие болды.

Сонымен қатар, театр фойесінде облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-эмбебап кітапханасы, С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Спектакль аясында ұйымдастырылған көрмеге көрермен үлкен қызығушылық танытып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.