Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Жаңалықтар Халықаралық IV «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі
Халықаралық IV «BALAUSA» экспериментальды  спектакльдер фестивалі

Халықаралық IV «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі

2019 жылғы 16-21 сәуір аралығында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өтеді.

Фестивальді ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.

Фестиваль құрылтайшысы: облыс әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Театр өнерін дамыту және танымал ету, көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару.

- театр шығармашылық топтарының әлеуетін қолдау және дамыту, жаңа буынның қалыптасуына және шығармашылық бастамасын ынталандыру.  

- театр өнерін дәріптеу, театр мәдениетін өзара байыту және заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру, театр ұжымдары арасында  қатынасты нығайта отыра, олардың  тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Фестиваль тарихынан:

- 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды;

- 2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді;

- 2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді.

Қазылар алқасы:

1. Есмұхан Несіпбайұлы Обаев - режиссер, профессор, Қазақстанның халық әртісі, қазылар алқасының Төрағасы;

2. Бузурман Одуракаев Кожокулұлы - Қырғызстан Республикасының халық әртісі,     Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлығының иегері;

3. Игламов Нияз Рауфович (Қазан қ) - Театр сыншысы, Г.Камал атындағы Татар мемлекеттік академиялық театрының әдебиет бөлімінің басшысы;

4. Джурова  Татьяна Сергеевна (Санкт-Петербург қ.) - өнертану ғылымының кандидаты, театр сыншысы,  Ресей Мемлекеттік сахналық өнер институтының аға оқытушысы; 

5. Кемал   Ельтай - өнертану магистрі, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері. 

Жеңімпаздар мына номинациялар бойынша марапатталады: «Үздік қойылым», «Үздік режиссерлық жұмыс», «Үздік сценография», «Үздік ер адам ролі», «Үздік әйел адам ролі», Екінші пландағы үздік ер адам ролі», Екінші пландағы үздік әйел адам ролі», Үздік эпизодтық роль», «Үздік актерлық ансамбль», «Көрермендер көзайымы сыйлығы»

Фестивальге қатысушылар:

1) Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры -«Гамлет» (моноспектакль);

2) Көкшетау «EL jastar  teatry » - «Армандар кемесі» (Айғым Баймұхаметов);

3) Жамбыл облыстық қазақ драма театры - «Томирис» (Болат Жандарбеков);

4) Байтен Омаров атындағы «Жас сахна» Алматы театры - «Гамлет» (У.Шекспир)

 5) Буинск атындағы Мемлекеттік драма театры (Татарстан) - «Абага» (Р.Зайдулла);

6) Өзбекстанның Мемлекеттік қуыршақ театры - «О, бұл Қожа Насреддин» (Д. Юлдашев);

7) Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры - «Шолпанның күнәсі» (М.Жұмабаев);

8) Апаз Жайнақов атындағы Баткен облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан) -«Жамила» (Ш. Айтматов);

9) Антрепризный театр (Армения) - «Манипуляция» (Э. Ионеско “Бред вдвоем”);

10) МКҚК «Алматы Әуендері», «Асанәлі Әшімов театры» - «Вий» (Н.В.Гоголь);

11) ЛАБОРАТУРА 31 (Алматы қ.) - «Геркулес и Авгиевы конюшни» (Фридрих Дромменмант)