Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

Казахская труппа Толқын Жандыбаева

Толқын Жандыбаева  Қаламғалиевна Атырау облысы Құрманғазы ауданында  1970 жылы 28 қарашада оқытушы –ағартушылар отбасында дүниеге келген. Анасы Нәсіп пен әкесі Қаламғали өнерден құралақан емес, сопрана дауысы бар анасы қазақтың классикалық және қазіргі уақыттағы жаңа  әндерін түрлі мерекелік шараларда кәсіби деңгейде орындаса, ақын әкесінің өмір бойы жинап терген байлығы - екі кітабы, өлеңдер жинағы мен  шежіре  шығармашылық баяндары жарық көрген. Толқынға ата-анасынан  дарыған  әртістік қасиет оның сәби жасынан бастап байқала бастаған. Мектеп  жасына келгенде театр үйірмесіне   қатысып, «Бауырсақ» ертегісінде түлкінің ролін алғаш  сомдаған. Толқын есейе келе  көркемөнерпаздар сайысына қатысып, жеке  ән  айтуда мектепаралық  жүлделі орындарды жеңіп алған.

1988-1992 жылдар  аралығында ЛГИТМиК те профессор доцент көркемдік жетекші Игорь Зайкин, Александр  Максимычев (БТК,Санкт –Петербор қуыршақ үйі марионет театры басшысы) Галина Ханина, Наталья Латышева, Элеонора Одынец, Арустамян секілді ұстаздар дәріс беріп, «драма және кино әртісі» мамандығын алып шықты.

1992 жылы Махамбет Өтемісов атындағы драма театрында  алғаш еңбек жолын бастады. 1992-1994 жылдары аралығында  О.Бодықовтың «Жазықсыз тамған жас» спектаклінде Ақбала дебьюттік ролін, «Күнде мейрам күнде той» спектаклінің басты образын және «Ең батыр қорқақ қоян» ертегісінде суретші ролдерін үздік алып шықты. 1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі қызметіне орналасты.  Әртіс қызметінде істегеннен бастап бір қатар бейнелерді шынайы шығаруымен ұжымдағы өзінің орнын белгілеп алды. Сахнада өзіндік қолтаңбасы бар, талантты және еңбекқор актриса.

Театр сахнасында  алпысқа жуық рольдерде  ойнап, сонымен бірге,   режиссерлікті және сценарий жазуды қатар алып жүр. 2012-2013 жж алғашқы   туындысы  «Наурыз–Думан» спектаклін  көрермендерге тарту етіп, болашақ  жас ұрпаққа   қазақтың салт-дәстүрі мен этникалық  мәдениетін насихаттап, ұмытылып бара жатқан жол-жоралғыларды сахнада айқын өрнектеп  көрсетті. Жаңа жыл ертеңгілігіне арнап сценарийлер жазып театрға табыстады.

 

Сомдаған  ролдері:

  • Қ.Шанғытбаев "Беу, қыздар-ай!" – милиционер қыз
  • М.Задорнов "Күйеуіңізді сатыңызшы" – Елена Владимировна
  • М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» – Құртқа
  • У.Шекспир «Король Лир» – Регана
  • В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Нина
  • И.Саввин, Ж.Тәшенов «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды» – Анжелика
  • И.Сапарбаев «Ауылдан келген ару» – Гүлдана
  • С.Раев «О,қыздар» – Флюра
  • М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, Шөмекей
  • Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Баян
  • Т.Ахтанов «Ант» – Қарт ана
  • Ғ.Мүсіропов «Есеней - Ұлпан» – Қайқы
  • Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» – Кейуана
  • Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» – Дилямма
  • С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» – Ләтипажан
  • М.Мағауин «Әйел махаббаты» – Жәмила
  • С.Лобозеров «Жындыханадан келген мейман» – Ғалия
  • Д.Исабеков «Әпке» – көрші әйел
  • С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» – Мария Петровна
  • Р.Отарбаев «Нашақор жайлы новелла» – Камила
  • Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Әлия
  • Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» – Зирбенетта
  • Е.Әлімжан «Жан ұран» – Сандуғаш
  • Е.Әлімжанов «Тақ талас» – хатшы қыз
  • С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Сатты
  • М.Хасанов «Пай,пай,жас жұбайлар-ай!» – Елес
  • Б.Римова «Қос мұңлық» – қыз
  • Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» – биші қыз
  • Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» – Айнаш
  • А.Вампилов «Метранпаж» – Марина
  • Н.Гоголь «Үйлену» – Арина Пантелеймоновна
  • Ж.Тәшенов «О, Мұстафа, Мұстафа!» – Анжелика
  • Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» – Бағила
  • Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?» – Рәзия
  • Ә.Кекілбаев, Ш.Айтматов «Ханша Дария хикаясы» – бақсы
  • Б.Абдуразаков «Әйел сыры» – саудагер әйел
  • Н.Гоголь «Ревизор» – Анна Андреевна
  • «Жеті лақ және қасқыр» - Ешкі

 

Балалар ертегісінде:

  • А.Толстой «Буратино» – Алиса
  • К.Жетпісбаев «Бала мерген» – мыстан
  • Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар» – пингвин, мыстан
  • О.Байсеңгіров «Наурыз гүлі» – Сапаба
  • Ж.Перро «Күлбикеш» – өгей шеше
  • С.Жүнісов «Үйшік» – бақа
  • А.Шамкенов «Қайырымды қаз» – қаз
  • Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Дәметкен
  • Г.Х.Андерсен «Қар ханым» – Қар ханым
  • А.Маемиров «Күн астындағы Күнекей қыз» – Нағима
  • В.Гауф «Кішкентай Мұқатай» – мыстан
  • Ә.Файзуллаұлы «Үй таңдаған лақ» – түлкі
  • Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» – жылқы
  • Б.Ұзақов «Шырша іздеген Аққозы» – түлкі
  • В.Орлов «Алтын шөжек» – түлкі
  • К.Сәттібайұлы «Күнге ғашық өлкеде» – мысық
  • Т.Теменов «Ырылдақ күшік» – полицай Брр
  • Т.Жандыбаева «Наурыз - Думан» – бесқонақ
  • Ө.Ахмет «Жылатпайық шыршаны» – жылан
  • А.Линдгренд «Карлсон және балақай» – фрекен Бок
  • Орыс халық ертегісі «Маша мен аю» – қасқыр рөлі
  • Н.Жұбатқан «Тапқыр тышқан» – аю
  • В.Илюхов «Жаңа жылдық жалын құс» – мыстан
  • Халық ертегісі «Ұр, тоқпағым, ұр!» – кемпір

 

Аталған мерзім ішінде: 

  • 2001-2002жж  театр маусымында шығармашылық ізденіс нәтижесі үшін «Керемет Грамотасымен»
  • 2003 жылы театр өнерін дамыту жолында  қосқан үлесі үшін Алғыс  Хатпен
  • 2003-2005 жж театр  маусымында  қойылған спектакльдерге   қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен;
  • 2005 жылы "Өнердің құдіретті күші" фестивалінде М. Задорновтың «Күйеуіңізші сатыңызшы» комедиясындағы Елена Владимировна  рөлі үшін «Ең үздік әйел ролі», 2007 жылы "Ең үздік ертегі ролі" номинациялаарымен;
  • 2008 жылы театр маусымының қорытындысы бойынша "Ең үздік әйел ролі" номинациясымен;
  • 2009-2010 жж жылы театр өнерін насихаттап, жастарға эстетикалық  тәрбие  беруге  қосқан  үлесі  үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Құрмет Грамоталарымен;
  • 2012 жылы 20 маусымның қорытындысы бойынша өнерге қосқан үлесі үшін театр директорыының Алғыс Хатымен;
  • 2012 жылы театр өнерін насихаттап ,жастарға эстетикалық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Құрмет Грамотасымен;
  • 2014 жылы облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі сыйлығының лауреаты болып марапатталды.