60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Пьеса Өзіңе өмір сыйла

                                                 Өзіңе өмір сыйла 

                                           (қазіргі заман драмасы)

Қатысушылар; Ахмет, Назерке, Қалдарбек, Болат, Роллан, Гүлдана,Тәлімгер, Ахметтің әкесі, Ахметтің екіншісі.

1 көрініс

Жаңа заманауи талапқа сай салынған ғимараты. Сәнді үй іші.

Әкесі.- Калың қалай?

Ахмет.- Жаман.

Әкесі.- Демалысың қалай?

Ахмет.-  Жаман.

Әкесі. - Сабағың қалай?

Ахмет.- Жаман.

Әкесі. - Тамағың қалай?

Ахмет.- Жақсы

Әкесі. - Киімің қалай?

Ахмет.- Жақсы?

Әкесі. - Жатағың қалай?

Ахмет.- Жақсы.

Әкесі. - Сен өзі басқа сөз білемісің?

Ахмет.-Білемін.

Әкесі. - Қандай?

Ахмет.- Жаман жақсы.

Әкесі.- Менің жаңалығым бар?

Ахмет.- Қандай?

Әкесі. - Жаман жақсы...

Ахмет.- ..жаманы маған, жақсысы саған болар... сенде мені сезбейсің.. мені соңғы рет қай кезде көрдің?

Әкесі.- ....ұлым! Ұлтаным! Жазғырма мені.. мен жаралымын. ...менің жарам, сенің жазаң.  Адамдар арасында жалғыздығың, зарығып сағыныштан құсалығың...жаныма батты. Сен қиналғанда, әлсіреп шаршағанда құшағыма алғым келеді. Сен суық үйде тоңғанда, шарасыз бір халде қалғаның да мойыныма салып, мейірімімді төккім келеді.. көз жасыңды алақаныммен сүрткім келеді... анаңдай маңдайыңды сипағам келеді...  ..бірақ. .мен сенің анаңдай бола алмаймын.. анаңды қия алмаймын.. ..маған қарама!

Ахмет.- Тыңдашы.. далада жауын..

Әкесі.- Жоқ, бұл менің көз жасым.

Ахмет.- ..Сіз жылап тұрмысыз? ...Алыптар қайғырса да, құламайды дегенің қайда?

Әкесі.- ..алыптарды да алатын алапаттар болады екен.. ол алып күштің алдында адамда шарасыз..  ...менің қайығым сенің мұңың. Сен ауырсаң, мен азап тартамын. Сен сүрінсең, мен құлаймын. Сен жылама, құлама! Саған қорған боламын! Сенің менің аманат көзайымымсың. Мен сенің бақытты өмір сүргеніңді қалаймын. Сенсің менің бар қанатым, өмірім!  Сол үшінде сен қаладан қалаға көшуге міжбүрсің..

Ахмет.- Ия , ия! Менің де күткенім осы. Шынында, маған бақыт тілесең, басқа жерге кетейікші..

Әкесі.- Сен ертең жаңа достармен танысасың!

2 көрініс

Бөлме ішінде құрал жабдыққа арналған сөре,, үстелдер, ғалымдардың суреттері, жершары, киім ілгіш.

 

Дауыс: Құрметті жас достар! «Білімпаз» оқу ордасына қош келдіңіздер! Сіздерге сәттілік тілей отырып, дәріс басталғанда мұқият тыңдап, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап келулеріңізді сұраймыз. Біздің басты міндетіміз - терең білім және жоғарғы тәртіп. Оқу ордасының тәртіп-талаптарын толықтай орындауға барлық тыңдаушылар міндеттеледі! Күндеріңіз сәтті өтсін! (Ерекше қоңырау беріледі)

Назерке: (асығып ішке кіреді) Міне, осылай.... осылай мына есік ашылған. Енді осылай жабылса таңданудың қажеті жоқ. Кешігу. Үнемі кешігу әдетке айналған. Кешіккен деген не деген сұмдық! Оянып тұрып ұйықтап қалу дегенді қалай түсінуге болады. Кешіккеннің сылтауы бітпейді. Көлікке үлгермей қалады, жүрмей қалады, тоқтап қалады, сыймай қалады. Сосын сабаққа керек құралдарды  не көлікте, не үйінде ұмытып кетеді. Асығыстықтан емес, ұмытшақтығынан қалдырып кетеді. Не істеуге болады екен?! (ішке Болат кіреді, Болаттың келгенін Назерке байқамайды) Мені тыңдамайды, ұстаздың сөзін мөлдем құлаққа ілмейді, сонда бұларға не керек осы?!

Болат: Сен керексің, Назикөш!

Назерке: А-а-а, кім бар? Құтқарыңдар! Кет жола ма! (Болатты көрген соң) Өй, сенбісің? Адамның жанын алдың ғой. Саған осы не керек, ә?! (Болатты тоқпақтайды, бір-бірін қуалайды)

Болат: Әй-баййй, қолымды сындардың, жіберші! Мәссаған, мысық тырнағанда бұлай ауырмап еді.

Назерке: Көрсетемін әлі! Енді мені шошытпайтын боласың. «Сен керексің» дейсің ғой! Не үшін керек екенмін?

Болат: Нази, сен мені түсінбедің. Менің айтқым келгені.....

Назерке: Ия, не айтқың келіп еді..?!

Болат: Сен «бұларға не керек» дедің, солай ма? Бізге «бостандық» керек. Ия, бостандық. Ешқандай да шектеу қойылмау керек. Біз еркін түрде өмір сүріп, еркін түрде өз таңдауымызды жасаймыз.

Назерке: Міне, ғажап! Сенің бостандығың мен бе?

Болат: Жоқ, сен емес. Америка! Бостандығы бар бала – азатта, бостандығы жоқ бала – азапта. Міне, бізге керегі осы бостандық.

Назерке: Мынадай ұлы сөздер, құрттай басыңа қалай сыйып жүр.

Болат: Кейде Абай атамыз айтпаған сөздерді айтқаныма өзім де таңқалам. Қай жерімнен шыға береді осы..

Назерке: Сен өзің не айтып тұрғаныңды білемісің?

Болат: Әрине, білемін. Мен шығыс ғалымдарының ізін жалғаушы, ғұлама-ғалым Әбду-рахман-әбу-Даби-әл-Болати.

Назерке: Ох, ұлы даныпшпанның қолын алып қалайық....

Болат: Құрқолға бата жүрмейді. Қәнекей селфии....(суретке түседі)

Назерке: Данышпан есіңде болсын, бәрі - бір кешігу өте жаман әдет.

Болат: Ерте келгенде аса құрметті әдет емес.

Назерке: Джонатан Франзен, Питер Грей, Уолтер Дайер, Вади Джеймс, Роберт Лихи осы атақты психолгтардың бостандық туралы тұжырымдарын оқып кешіксең әңгіме басқаша болар еді.

Болат: Ох-хо, біздің әулетіміз де ондай адамдар жоқ.

Назерке: Ол сенің аталарың емес.

Болат: Сол үшін де мен оларды оқымаймын. Олардікі құр сөз, жалған ой. Менің іздеген бостанадығым ол емес.

Назерке: Сонда саған керегі қандай бостандық.?!

Болат: Ақылмандардың ақылынсыз өмір сүретін бостандық.

Назерке: Бұны қалай түсінсек болады?

Болат: Ол сенсіз және сендейлерсіз өмір сүру. (бір-бірін қуалайды. Қолын қайырады. Бөлмеге Роллан мен Қалдарбек кіреді)

Роллан: Әп, бәрекелді! Аяма! Соқ-соқ! Теп-теп! Лақтыр!

              Қараңдаршы, бір-бірін соғып жатыр!

              Қандас болған адамдар.

              Баға бермей, кез-келгенді атып жатыр!

              Бір туысқан бауырлар.

              Арашаға келгендерді, сартылдатып ұрып жатыр!

              Құтқаратын, кімің бар?

Қалдарбек: Таң атпай тарыға таласқан тауық ұқсап не болды? Бір-біріңді түтіп жеп бара жатырсыңдар. Сендерге не болған? (Назеркеге) Досты, сенің үйіңе барсам жоқсың, қайда болдың?

Назерке: Ал,сен қайда жүрсің?

Роллан: Мен ай да жүрмін адасып,

              Жолды таппай шатасып,

              Анадан да, мынадан да сұрауға

              Ұялып тұрдым арланып!

Назереке: Аспанда адаспай жерге түспеймісің, ақыным?!

Роллан: Мен бе, мен деген еркін құспын?! Ұшсам да, қонсам да ешкімнен сұрамаймын. Сенен тем болье... Ку-куу-уу.

Қалдарбек: Вау, көптен көріспеген достым, қалың қалай?

Назереке: Жаман! Сен қал сұрамай-ақ қойшы!

Қалдарбек: Ку-ку-ууу! Ренжіме!

Роллан: Досты, сенің қолыңа не болған?

Қалдарбек: Досты, сенің қолыңа не болған?

Болат: Мысық тырнаған.

Қалдарбек: Бетіңді тырнамағанына рақмет айт.

Роллан: Қәне, ойбаййй ууу, мына мысықтың тырнағы ұзын екен.

Назерке: Мен не «мысыққа» ұқсап тұрмын ба?

Қалдарбек: Сәл-сәл ұқсайсың.

Назерке: Мен саған көрсетемін. Кел бері... Қашпа... Қорқақ.. (Қалдарбек қаша бастайды.)

Қалдарбек: Қайсың бар? КөмектесіңдерОй, қайтып алдым, ұқсамайсың! Қойшы енді! (Шкафқа тығылады.)

Назерке:Аш деймін! Қорқақ неме! Шық бері!

Болат: Назерке, мұның не?

Назерке: Мен бе, кінәлі? Ол неге мені мазақ етті? Бұл қылығын қалай түсінеміз?!

Болат: Катастрофа деп түсінеміз.

Назерке: Не? Не дедің? Мен саған катастрофаны көрсетейін. (Болатты қуалайды)

Болат: Назишөк, жақсылықпен қой деймін. Қойсаңшы енді. Ах, солай ма? Ендеше... мә,саған... (Шкафтың ішіне кіреді)

Роллан:Ал., керек болса... Бұл неткен заман, қу заман.

             Қызы ұлды қойдай қуған, у заман.

             Қос аяғын бір етікке сыйдырам деп

             Сусылдаған, ырылдаған, ит заман.

Болат: (шкафтың ішінен) Роллан, мұнда кел! Сағанда орын бар!

Роллан: Жо-жоқ, беймарал отыра беріңдер! Мен Назикөштің тілін тез табамын. Кел, өмірден түңілсең, шер тарқатар досыңмын! Ашуланып айғайлағаннан шөлдесең, аптығыңды басар суың болар досыңмын!

Назерке: Ал, жын ше? Жынды қайтарар емің бар ма?

Роллан: Әлхәмдуллила деп айтайын, Ванга әжейде бар. Менде жоқ.

Назерке: Сендер менің бар ақылымды тауыстыңдар.

Роллан: Ол сенде бар ма еді?

Назерке: Сенің бұл қай сөзің? «Бар ма едің» не? Бар, болған, бола береді. Түсіндің бе?

Роллан: Сенің ең жақсы қасиетің тез түсіндіресің.... Болатпен неге келіспей қалдың?

Назерке: Болат па? Ол біріншіден - кешікті. Екіншіден менімен - сөз таластырды. Үшіншіден өзінде, бізді де шағыстырды.

Роллан: Күнәсі өте ауыр екен.

Назерке: Немене?

Роллан: Не үшін келіспей қалдыңдар деймін?

Назерке: Ммм, қалай десем екен? Мысалы, сен не үшін кешіктің?

Роллан: Дәрістің уақыттылы басталмайтынын біліп кешіктім.

Назерке: Олай емес! Сендер жалқаусыңдар! Ерте оянбайсыңдар! Ересек болсаңдар да, еркеліктерің қалмайды.  Оқығыларың келмейді. Осы ойларыңды ашық айтпай, іштей қапаланып, өз-өздеріңді көрсету үшін кешігесіңдер. Осы қылық, осы мінез кімге керек? Өз өмірлеріңді өздерің лайлап жүрсіңдер. Сендерді осы не қызықтырады? Айтшы, неге кешіге бересіңдер?

Роллан: Сенің не шаруаң бар деп, айтсам... болмайды... ол терең философиялық әңгіме. Әр кешігудің себебі бар. Мен жалқау емеспін. Ерте оянсам, ұйықтап қалатын әдетім бар. Осы әдетпен күресіп жүрмін.

Назерке: Болат неге күреспейді?

Роллан: Күші жетпейтін шығар...

Назерке: Қалдарбек неге өз ойын қалыптастырмайды? Неге әркімнің сөзіне еріп, әркімнің ойымен жүреді! Неге?

Роллан: Балға мен шеге! Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды. Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.

Назерке: Роллан, сен не айтып кеттің? Өзің болып сөйлеші. Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе? Бір сөзіңе түсінсем бұйырмасын. Кәдімгі адам тілімен айтшы, не?

Роллан: Көрдің бе, сенде түсінбедің?! Осы үйге берілген тапсырма. Мен дайындалып келдім! Ал, сен болсаң, өзің дұрыс болмасаң да, өзгені дұрыстағың келеді. Сен жұртты жақсылыққа шақырмай тұрып, өзіңе бір қарашы, сен өзің жақсысың ба?

Назерке: Сен не деп тұрсың? Біле білсең, мен сабаққа үнемі дайындалып келемін. Таңертең тұрғанда мүндетті түрде айнаға қараймын. Ұқтың ба?

Роллан: Ал, сен айнаға қарап өзіңді дұрыстама, адамға қарап дұрыстал. Айна алдайды. Адам жақсылыққа бастайды. Қыздардың қателігі осында. Ол айна не? Бар болғаны шыны! Ал, адам, ол адал, әрі шынайы.

Назерке: Сенде маған жаусың! Менімен сөз таластыру үшін түнімен дайындалып келгенсің. Мә, саған!

Роллан: Бұл не үшін?

Назерке: Ертең ерте келуің үшін. Аз ба саған.

Роллан: Көпті көрмейтін көз болады,

              Сөзді ұқпайтын ез болады...

Болат: Роллан, сенің өлеңің көмектеспейді. Бері қаш! Қапы қалма! Табаныңды жалтырат! (Назерке Ролланды қуалайды, бөлме іші абыр-сабыр, шаң-тозаң, ішке Гүлдана кіреді)

Гүлдана: Міне, қызық! Мұнда не болып жатыр?

Қалдарбек: (шкафтан басын шығарып) Охо, капитан Америка келді!

Болат: Женщина кошка де!

Роллан: Мать Терреза! Спасательница мира!

Гүлдана: Ұлдар, қыздар сендерге не болған? Бұларың не, ұят емес пе? Бір бөлімде, бір оқуда, бір бөлме де оқу оқып.... бұл деген масқара! Қазір ағай келеді, көрсе не дейтінін білесіңдер ме? Ұрыс, сөгіс, ақырғысы шәкіртақыдан қағыламыз. Соны да білмейсіңдер ме? Ұлдар, бері шығыңдар! Сендер жігіт емессіңдер ме? Бір қызға жабылып,  не көрінді сендерге? Назерке, саған не болған? Ұлдардың барлығын бір шкафқа қамағаның не?

Назерке: Олар мені мазақтады... Олар сабақтан кешікті.... Олар менің зығырымды шығарды... олар... (еңкілдеп жылайды)

Гүлдана: Назикөшш,  кейінгі кездері тым ызақор болып кетіпсің. Саған тынығу керек. Сабырсыз болып барасың. Сен менімен кешкісін киноға жүрші. Өзіңе бір қарашы. Айналаңмен таныс. Басқа қыздар қалай демалады, қалай киінеді, мән беріп қарасаң, бәрі де қызық қой.

Назерке: Сонда сабаққа кім барады, сабақты кім оқиды? Сен не айтып тұрсың? Сендер не келісіп алғансыңдар ма? Бәрің кешігіп келіп, менімен сөз таластыруға уағдаласқансыңдар ма? Мені кім түсінеді, менімен кім қалды, сонда?

Гүлдана: Сендер осының бәрін естіп, отыра бересіңдер ме? (үшеуі шкафтан шығып, Гүлдана мен Назеркеге жақындайды)

Болат: Мен сенімен біргемін, Назикөш! Жыламашы. Мен саған қатты айтсам.. кешір.. ренжіме.

Қалдарбек: Назикөш, мен жәй әзіл үшін айттым. Рас айтам, сөзімнің зілі жоқ. Қой енді! Менен қателік кетсе, кешір. Мен енді кешікпеймін. Мазақ етпеймін, ешкімді де.

Роллан: Мына шіркін заманда, бағын тапқан бар ма екен..

              Мына парта басында, бестік алған бар ма екен...

Осындай да өлең туылмай қалады ғой. Айтып-айтып тастайын десем... тілім байланып тұр. Не десем екен. Нази, ертеңнен бастап, сабаққа ерте келемін! Жігіт сөзім! Айттым-бітті ертең тоғызда келемін.

Болат: Сабақ сегізде ғой.

Роллан: Ә-ә, бәсе, күніге кешігіп келемін!

Гүлдана: Естідің бе, бәрі сенің айтқаныңды орындайтын болды, Назикөш?!

Назерке: Сендер жақсы болсаңдар, араларыңда жүрген менде жаман болмаймын. Біз жақсы болсақ, оқу ордамыз да жақсы.

Роллан: Енді дұрыс болды. Тату болсақ, бақытты өмір сүреміз! Қәне, ұранымызды еске түсіріп жіберейік.

БӘРІ БІРГЕ: Бум-бум, бум. Альбом ашылды, альбомның ішінен суреттер шашылды. Сол суреттің ішінен әкемді көрдім. Ол маған битті, мен оған биттім...(осы тектес сөздер айтады)

Қалдарбек: Тыңдаңдаршы, жаттығу басталды. Ағай келмей тұрып, әдеткі жаттығуды жасайық. (мектеп не колледж туралы өлең, флешмобімен)

Болат: Мына қимылды үйрене алмай кететін болдым-ау.

Қалдарбек: Осы қиын болып тұр ма? Маған қарашы, раз, чертырий... поворот... болды..

Гүлназ: Уайымдама, мен саған өзім үйретемін. (есік қағылады, мұндай әрекетті күтпеген тыңдаушылар апдырап тұрып қалады)

Назерке: Бұл кім болды екен?

Қалдарбек: Кім сабаққа келмеді?

Гүлназ: Ең соңында мен келдім.

Назерке: Сонда, бұл кім болуы мүмкін?

Роллан: Ой, соны да жұмбақтап ағай ғой.

Болат: Ағай, қанша кешіксе де есікті ұрған емес қой...

Қалдарбек: Есікті ұру есіне бүгін түскен шығар..(есікті қайта ұрады)

Назерке: Есік ашық! Кіріңіз!

Болат: Қысылмаңыз, келіңіз! (есікті қайта қағады)

Роллан: Не деген тәртіп! Әлде кіруге ұялып тұр ма екен?!

Қалдарбек: Мен барып ашайын. Қонаққа қызмет етейін. (есікті ашып қалған да, Ахмет ішке сүріне кіріп, еденге құлайды) Мама, ойбайй, мұнауың кім? (Ахметтің құлағанына бәрі күледі)

Ахмет: (ызаланып) Неге күлесің?!

Роллан: Күлгенге салық төлемейміз ғой. Күлгенге не жетсін, күлкілі адам болса...

Болат: Сен кімсің?

Ахмет: Өзің кімсің?

Болат: Өй, мынауың қалай-қалай сөйлейді.

Назерке: Сұраққа сұрақ қызық болды-ау. Менің есімім Назерке.

Гүлдана: Менің есімім Гүлдана! Сабаққа келдің бе?

Ахмет: Жоқ!

Назерке: Ауылдан келдің бе?

Ахмет: Жоқ!

Роллан: Өзің келдің бе?

Ахмет: Жоқ!

Қалдарбек: Шешеңмен келдің бе?

Ахмет: Анам бар ма, соны сұра?

Гүлназ: Жігіттер, қыздар қойыңдаршы. Не болды, келе-сала сұрақтың астына алдыңдар?!

Назерке: Менің есімім Назерке.

Ахмет: Мен Ахметпін!

Қалдарбек: Ахмет Байтұрсынұлысың ба? (бәрі күледі)

Роллан: Жо-жоқ, сиди Ахмет қой!

Ахмет: Жігіттер, артық сөйлемеңдер!

Болат: А то айырып жіберем десей... (бәрі күледі)

Ахмет: Сен неге киліге бересің?

Қалдарбек: Ал, сен неге сөйлей бересің?

Ахмет: Сендер сұрадыңдар, мен жауап қаттым.

Роллан: Тағы сұрауым бар, мұнда не үшін келдің?

Ахмет: Керегімді іздеп келдім!

Болат: Біздің бөлмеге адасып кіріп кеткен жоқсың ба?

Ахмет: Адасатын жасқа жеткен жоқпын.

Қалдарбек: Шығып кетуіңе көмектесейін бе?

Ахмет: Көмек саған керек, ұқтың ба?!

Қалдарбек: Ей, сен өзі қайда келгеніңді білесің бе? (жігіттер жаға ұстасады)

Гүлдана: Жігіттер, қойыңдар! Тоқтатыңдаршы!

Назерке: Жігіттер, не болды? Қолдарыңнан басқа не келеді? Ал, жабылып ұрыңдар! Жағын сындыр! Неге қарап тұрсыңдар? Ұрыңдар! Сендерді де жігіт дейді. Осы ма ойындарың!

Роллан: Нази, сенің сөзің семіз, ойың арық.

                        Ойынға тойып алғанбыз қанып.

                        Орынсыз сес көрсеткен жігіттің

                        Болып алдық мінезіне қарық.

Қалдарбек: Дәл айттың, ақыным. Сен Пушкинсің!

Роллан: Одан жоғарғы бағала.

Болат: Сен Абайсың!

Роллан: Ол кісіден төмен.

Гүлдана: Сен Ринат Зайытовсың!

Роллан: Міне, енді жөнге келдіңдер.

Ахмет: Менің мінезімде мін жоқ. Сендерге мінез көрсету үшін келгенім жоқ. Айыбым болса, кешірім сұрауға арланбаймын.Тек сендер асып айтып, басып тастағыларың келіп тұр.

Қалдарбек: О, ақылы бар жансың сөзін айттың. Бірақ, біз олақ қылық көрсеткеніміз жоқ. Сені кекету, мұқату ойымызда болған жоқ.

Ахмет: Ойларың да қателік болмаса, жақынырақ танысайық.

Гүлдана: Тамаша ұсыныс! Мен қолдаймын!

Роллан: Менің есімім Роллан Жандарбек!

Болат: Әбду-рахман-әбу-Даби-әл-Болати. Если слошно, тогда проста Була!

Қалдарбек: Қалдарбек Сауранбай!

Ахмет: Менің аты-жөнім Ахмет Хамзабекұлы. Енді сендермен бірге оқу оқимын.

Гүлдана: Өте тамаша! Біздің ортамыз көбейді. Қәне, осылай тұра береміз бе? Орнымызға отырайық.

Назерке: Біздің ортамызға қош келдің! Мен сабаққа ерте келіп, кеш кетемін. Саған да осындай болуды ұсынамын.

Ахмет: Рақмет! Кешікпеуге тырысамын.

Назерке: Алыстан келдің бе?

Ахмет: Жоқ, жақыннан келдім.

Назерке: Жақын жерде тұрасың ба?

Ахмет: Жоқ, алыста.

Гүлдана: Қоя тұршы, Нази! Бірінші кімнің қасына отырады, соны сұрайықта.

Қалдарбек: Қыздардың қасында ынғайлы болатын шығар...

Назерке: Ендеше, менің қасымда отырсаң болады.

Болат: О, тағдыр сен неткен қаталсың. Назикөш мені плотно лақтырып кетті ғой. Мен саған не жаздым. О, менің тағдырым!

Қалдарбек: Құтылғаныңа қуанбаймысың.

Ахмет: Мен жалғыз өзім отырғанды қалаймын.

Роллан: Оның жарамайды, сен бүгіннен бастап біздің сыныпта оқисың. Сондықтан ішкі тәртіпті орындау міндетің.

Ахмет: Мен өз тәртібіммен жүргенді ұнатамын. Маған өзгенің заңы жүрмейді.

Болат: Жарайсың! Сен бостандығы бар жігітсің! Көп адам өз бостандығына ие емес. Мысалға мен өзімді алсам; үнемі ақыл тыңдаумен келем. «Анау болмайды», «оны жасама», «олай етуге болмайды», «оны алма», «мынаған тиіс пе» толып тұрған тиім. Кейде өзім ойлаймын, «сонда бізге не істеуге болады»-деп?!

Назерке: Баяғы жырыңды бастадың ба?

Болат: Жоқ, мен шынымды айтып тұрмын. Айтыңдаршы, сонда біз не істеуіміз керек? Өз еркімізбен жүре алмасақ, өз бостандығымды қолдана алмасақ кім болғанымыз?

Роллан: Рональдино болғанымыз!

Назерке: Оның не қатысы бар.

Гүлдана: А-аа, таптым,тыңдауың керек!

Қалдарбек: Ал, бізді тыңдап жатқандар бар ма?

Назерке: Оқу керек! Ұстазды тыңдау керек! Өзің білсең, өзгеге үйретесің. Ал, сен болсаң, оқудан қашасың, және оқымайсың.

Болат: Не үшін оқуым керек! Білесің бе, мен не үшін оқымайтынымды? Жоқ, білмейсің. Егер бәрі оқымысты болса, ұстаздар кімді оқытады? Қалай айлық алады? Міне, өте астарлы мәселе! Сол ұстаздарымыз жұмыссыз қалмасын деп оқымай жүрмін.

Қалдарбек: Мәәә, сенің басың неден жасалған? Осыны өзің ойлап жүрсің бе?

Болат: Ия, өзім. Мен бәрін де ойлаймын ғой. Мына бас тегін бас емес.

Гүлдана: Ия, басың бар, бірақ басының ішінде не бар екен? Ойлану керек!

Роллан: Ойланып не керек. Болат, егер сен еркін өмір сүргің келсе... Ахметтің қасына отыр. Үйренесің...

Ахмет: Мен біреуді тәрбиелеуге емес, тәрбиеленуге келдім.

Қалдарбек: Онда саған уақытша оқшалау орталығына бару керек қой.

Ахмет: Сен не айтып тұрсың?

Қалдарбек: Ал, не айтыппын?

Ахмет: Сен ол уақытша оқшалау орталығының не екенін білемісің?

Роллан: Білмейді. Мүмкін айтып берерсің. Сен бала білгіш сияқтысың ғой өзі, солай ма?

Ахмет: Менің білетінім, ол жерге, ата-анасынан ажыраған, жоғалған, қаңғыбас немесе адасқан балаларды алып барады. Түсіндің бе?

Болат: Онда тұрған не бар, сен барсаң не кіргізбей ме?

Назерке: Сендер тіпті шындап барасыңдар, қойыңдаршы!

Ахмет: Ол жерге сен барсаң, әлгі іздеп жүрген бостандығыңды табасың.

Қалдарбек: Мынау өзі кім? Келдің, кердеңдеп жүрдің. Жетер енді, талтаңдай бер ме, шатың айырылып қалар.

Ахмет: Сен өзіңді кіммін деп тұрсың? Шірен бе шегіртке. Мен саған жеңіл сынатын жаңғақ емеспін.

Гүлдана: Жігіттер, сабырға келіңдерші!

Роллан: Так, айттым-кестім! Сен баланың іздегенің оқу емес, таяқ екен.

Ахмет: Ей, көке «бала» деме, көкірегіңді керме, ұқтың ба?

Болат: Шыдамның шегі кетті... Өз обалың өзіңе...(жігіттер жаға ұстаса бастайды. Айқай-шу. Төбелес. Назерке есікті іштен іледі.Гүлдана араша түседі. Кенет есік қағылады)

Назерке: Тоқтаңдар! Тыңдаңдаршы, есікті қағып жатыр! (бәрі тына қалады) Естідіңдер ме? Біздің есікті біреу ұрып жатыр.

Гүлдана: Бұл кім екен? (есікті ұрады)

Қалдарбек: Құл-ахмет шығар!

Болат: Есікті кім ілген?

Назереке: Мен!

Болат: Бар да есікті аш! (есікті ұрады)

Назерке: Қорқамын.

Роллан: Неден қорқасың? Бар, аш деймін!

Гүлдана: Саған біреу жап деді ме. Бар аш!

Назерке: Неге мен? Керек пе, өздерің ашыңдар! (бәрі Назеркені есікке қарай итермелейді, есікті Ахмет ашады. ішке Тәлімгер кіреді)

Тәлімгер: Есікті ілген кім? Ол есік неге ашық тұрмайды? Неге мына жерде жарық жоқ? Мұнда өзі адам бар ма? Мен неге жалғыз тұрмын? (Бәрі – Сәлеметсіз бе, ағай?)Айғайла ма! Естіп тұрмын. Қазір қай сабақ?  (бәрі аң-таң болып тұрып қалады Бәрге – Сіздің сабақ!) Неге мына бөлме де ауа жоқ? Сендер мұнда не істегенсіңдер? Мына есік неге жабық тұр? Мына үстел неге сүртілмеген? Кім жауапты? (қалтасынан көзілдірікігін алып киеді, қарсы алдында Ахмет тұрады) Сен кімсің жарқыным?

Ахмет: Ахмет Хамзабекұлы!

Тәлімгер: Ия, білемін сені. Жаңадан келдің. Бүгін сені балалармен арнайы таныстырғалы келдім.

Гүлдана: Сәлеметсіз бе, ағай?! Біз бәріміз Ахметпен танысып алдық.

Тәлемгер: А, солай ма, сендер ерте келіп қойғансыңдар ма?

Қалдарбек: Жоқ, сіз кешіп қалдыңыз.

Тәлімгер: Солай сияқты. Жарайды, танысқан болсаңдар, таныстықтарың арта берсін. Ахмет ортамызға тез сіңісіп кетеді деп ойлаймын. Оқуға деген ынтасы бар. Ахмет, сен осы жерден көп достар табасың деп сенемін.

Назерке: Ахмет, алғыр әрі тапқыр жігіт екен.

Гүлдана: Біз Ахметке дос боламыз.

Қалдарбек: Ал біз ойланамыз.

Болат: Дос болмасақ та болатын шығар.

Тәлімгер: Бұл сөзіңді қалай түсінеміз, Болат?

Роллан: Ағай, біз аз уақыт ішінде айнымас дос боламыз.

Тәлімгер: Бұл сөзіңе сенуге болады. Олай болса, дәріске кіріселік. Бүгінгі тақырып: Отбасы және ата-ана мен баланың қарым-қатынасы. Отбасы үлкен отанның кіші орманы. Ол орманның гүлденуі, түрленуі адам яғни отбасының негізгі тіреушілері әке және анаға байланысты. Әке мен ананың отбасындағы рөлі ең маңызды қызмет. Отбасының негізі бастаушысы – қамқор әке. Отбасы мүшелері әкенің әрбір сөзін тыңдауға, берген тапсырмасын орындауға міндеттеледі. Ана  отбасының жылуы. Анасыз отбасы болмайды....

Қалдарбек: Ағай, сіз қателестіңіз. Анасыз да отбасылар бар. Мысалы мына Ахметтің анасы жоқ қой.

Назерке: Сенің есің дұрыс па?

Гүлдана: Сенен соны сұрады ма?

Тәлімгер: Қалдарбек, ой айтар алдын да ойлан. Дәл қазір сен артық сөз айттың. Ахметтің анасы боламаса, жанашыр әкесі бар. Әке мен ананың отбасындағы атқаратын қызметі бірдей. Екеуі де баланың өміріне жауапты. Әке болмаса, әке рөлін анасы қоса атқаруға міндетті. Ал, анасы боламаса, әкеге отбасындағы екі қызметті де қатар жүргізуіне тура келеді. Бұл құқықтық және табиғи заңдылық. Дауыс: (Құрметті Абзал Тұрсынбайұлы, сабақты мезгілсіз тоқтатқанымыз үшін кешірім сұраймын. Сізден аз уақытқа қабылдау бөлмесіне келуіңізді өтінеміз. Назарыңызға рақмет!) Қап, сабақты қызық талқылап жатқан едік. Айыпқа бұйырмаңдар. Мен бірер минутта ораламын. Мен келгенше....

Бәрі: Шуламай, Құлатпай, Сындармай, Қозғалмай тыныш отырамыз.

Тәлімгер: Жарайсыңдар! Жаттап алыпсыңдар ғой. Мен қазір келемін. (Кетеді)

Ахмет: Қалдарбек, сен айтқан сөзіңді қайтып ал.

Қалдарбек: Мен шындықты айттым. Ол үшін неге кешірім сұрауым керек.

Болат: Ол екі сөйлемейді. Аузыннан шыққан сөз, аузына кірмейді.

Ахмет: Сен аузыңа сыймайтын сөзді айтпа, естідің бе?!

Роллан: Сен бала әлі де бізге атылып тұрсың ғой.

Назерке: Роллан, сені сабырға шақырады десем, сен өзің төбелескелі тұрсың ғой.

Ахмет: Сен әділдікке баға бермей-ақ қой. Сенің де сөзің белгілі. Одан да мына досыңа айт, сөзін қайтып алсын. Әйтпесе...

Болат: Әйтпесе не болады? Барып әкеңді ертіп келесің бе?

Ахмет: Тарт тіліңді сайрай бермей! Сен көкексің! Мен әкемді ертіп келетін жас бала емеспін.

Болат: Сен мені көкек деп тұрмысың?

Ахмет: Сен көкек, мынау қарға, ал, мынау жапалақ. Сендердің араларында екі қоян бар.

Гүлдана: Ахаа, бұл қалай, достар, қойыңдаршы! Сендерге не керек? Қәне, орындарыңа отырыңдар! Қазір ағай келеді. Сабыр етіңдер!

Роллан: Жоқ, біз енді отыра алмаймыз. Отырсақ төбемізден секіретін шегірткелер бар екен арамыз да.

Қалдарбек: Ия, сол шегірткені секірмейтіндей етіп аяғын кесу керек.

Болат: Қазір мен саған, көкектің көкесін көрсетемін.

Ахмет: Мен бе, сенің түріңнен қорқатын. (Үшеуі Ахметті қыспаққа алады, қыздар шыңғырады. Ахмет орындықты алып, барлығын бөлмеден қуып шығады. Өзі жалғыз қалады. Ауыр музыка беріледі.)

Ахмет: Мен не істеймен? Айтыңдаршы, не істеймін? Неге менің досым жоқ? Мен дос болуға лайық емеспін пе? Бәрі үнсіз... Маған жауап беретін адам жоқ па? Үнемі осылай. Тыныштық...  Неге бәрі мені мазақ етеді? Неге тек мен ғана олардың күлкісіне қаламын? Неге мен ғана әркіммен төбелесе беремін? Мен балалармен тіл табыса алмасам, олар мені «досым» деп жақын тартпаса, айтыңдаршы, мен не істеуім керек? Үндемейсіңдер... Мен сендерге жаумын ба? Әлде, мен тек сендер қорлау үшін жаралдым ба? Сендермен дос боламын деп не істемедім. Сендермен бірдей киімде алдым.  Сабақты да жақсы оқыдым. Ол кезде мені «оқымысты» деп мазақ еттіңдер. Сендердің қатарларыңнан қалмайын деп, саябаққа серуендеуге барған едім, «ақшаң жоқ деп» келеке етіңдер... Бәріне кінәлі сендерсіңдер. Менен жаман мінез шығарған да сендерсіңдер. Кітаптарымды жырттыңдар, дәптерге жаман сөз жаздыңдар. Сөмкеме тас алып қойдыңдар. Ия, бұның бәрі сендердің күлкілерің үшін істеген ермектерің. Сендер күлдіңдер, ал менше, мен жыладым. Сендерге керекі осы ма? Міне, қараңдар! Қайдасыңдар, мен жылап тұрмын?! Көріңдер, көріңдер де рахатқа батыңдар! Сендерге адам көз жасынан басқа не керек?! Мен шаршадым! Мен сендерден шаршадым! Сендерден алысқа кеткім келеді. Қайда кетерімді білмеймін. Сендерді көргім келмейді. Кім бар мені түсінетін?

Ахмет2: Мен бар!

Ахмет: Сен кімсің? Ахмет2: Сен кімсің?

Бірге: Жоғал! Жақындама! Кет!

Ахмет: Сен кімсің?

Ахмет2: Мен Ахметпін!

Ахмет: Жалған! Ахмет мен! Сен мұнда не істеп жүрсің?

Ахмет2: Сені іздеп жүрмін!

Ахмет: Не үшін? Мен саған не үшін керекпін?

Ахмет2: Өз өміріңді сүру үшін. Жаның рахатқа батып, өз қалауыңмен өмір сүру үшін, сен менімен кетуің керек. Мен сені өзіммен алып кетемін. Бұл өмір сенің өмірің емес.

Ахмет: Қайда? Мені қайда әкетесің?

Ахмет2: Өзің армандаған асыл баққа.

Ахмет: Асыл баққа деймісің? Ол қай жақта?

Ахмет2: Ол жақын емес, өте ұзақ жақта. Ол бақта сен өз қалауыңмен өмір сүресің. Мұндағыдай сені ешкім де келеке етпейді. Сені алақанына салып тербейді. Сен ол бақта, бақытты өмір сүресің. Сені құрметтеп күтіп отыр. Менімен жүр!

Ахмет: Бақытты өмір сүресің дейсің бе?

Ахмет2: Ия, Ахмет, ойлан ба. Саған ешкімде адам деп, досым депте қарамайды. Бұл жерде жүрсең, көретінің қорлық, жейтінің таяқ болады. Өз өміріңді қорлама! Жүр, менімен жүр ойлан ба!

Ахмет: Қалай, не болып кеттің? Ағай, бұл сіз бе? Мен өзі кіммен сөйлесіп тұрмын?

Ахмет2: Өзіңмен өзің сөйлесіп тұрсың?

Ахмет: Ал, сенше, кімсің?

Ахмет2: Мен сенмін, мен Ахмет!

Бірге: Жалған! Ахмет менмін! Кет! Жолама маған! Жоғал!

Ахмет: Сен мені ерік жігері жоқ деп ойлап тұрмысың. Кет менен! Сен мені танымайсың. Мен сені білемін! Мен қандай қиындық болса да, жеңіп шығауға күшім жетеді. Бойымдағы қайратым, өмірге деген құштарлығым тұрғанда, мен сенімен кетпеймін. Өзіммен өзі күресем! Мен жеңемін! Кет, жола ма! (өзімен өзі күресу үстелдерді лақтырады, ішке Тәлімгер келеді)

Тәлімгер: Ахмет! Есіңде жи! Саған не болған?

Ахмет: Ахмет қайда?

Тәлімгер: Сен ғой Ахмет!

Ахмет: Жоқ, ол осында! Қайда ол?

Тәлімгер: Ахмет, бері қарашы! Сабыр ет! Бұл бөлме де сенен басқа Ахмет жоқ.Тыңдашы мені, әр адам кейде өзін артық санайды. Өзіне ешкімге керек емес секілді болады да тұрады. Шын мәнінде адамдар бір-бірі үшін жаралған. Сен оларға керексің, олар саған керек. Кейде болмашы нәрсеге бола, бір-бірімізді реншітеміз. Уақыт өте келе, сол нәрсенің түкке де тұрмеһайтынын білеміз. Сағанда уақыт керек. Ашуға салын ба.  Сен ашуға салынып, достарыңның бәрін бөлмеден қуып шығыпсың. Неге? Не болды?

Ахмет: Кешіріңіз, ағай! Менен қателік кетті. Мен өз өзімді ұстай алмай қалдым.

Тәлімгер: Ахмет, сен өзіңді өзің жеңіп шықтың.  Сен өзіңді кінәла ма. Сен өз өмір жолын тапқан баласың. Сен өз отбасыңа, достарыңа керексің. (барлығы кіреді)

Роллан: Ахмет, сен мені кешір. Мен саған әлім-жетік көрсеттім. Сол қылығым үшін ұяламын.

Қалдарбек: Досты, сен қызарма, бәріне кінәлі мен. Ахметті мазақтадым, соққыға жықтым. Ахмет,сен кешір. Мен сенімен мәңгі дос болуға дайынмын. Егер сен келіссең..

Болат: Мен осы қылығымды ешқашан кешірмеймін. Ахмет, сен бізді қуып шыққаның дұрыс болды. Мен есіктің арғы жағында тұрып, бәрінде түсіндім. Сені келе-сала қыспаққа алдық, мазақ еттік... Ал, сен болсаң осының бәріне төздің. Кешір мені, сен дос болуға лайық адамсың.

Назерке: Ой, жігіттер, сендердің мына жылы сөздеріңе өкіріп жылағым келіп тұр. Не деген ақылдысыңдар! Мен шынында сендерді танымайды екенмін. Роллан, бүгіннен бастап айнаға қарап емес, адамға қарап түзуленемін. Сендердің мына сөздерің күндегідей ауыздан емес, жүректен шығып тұр. Мен шыдай аламаймын.. Жылағым келіп тұр...

Гүлдана: Ал, менің тоқтамай билегім  келіп тұр! Сендердің татуласқандарың үшін қуаныштымын!

Болат: Ахмет, бұл жолы биді сен бастайсың! Біз сенің досыңбыз! Біздің ортамызға қош келдің!