60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Сержан Аманқұлов

 

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері

  Сержан Аманқұлов  

 

Сержан Құрманбайұлы Аманқұлов  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Көпмола бекетінде  1962 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1980-1984 жж аралығында Алматы Мемлекеттік театр-көркем сурет институтының актер-драма және кино бөлімінде оқып, қазақ театрының корифейі Асқар Тоқпановтан білім алған. 1986-1989 жылы Атырау қаласы махамбет Өтеміс атындағы облыстық драма театрының әртісі, 1987-1989 жылдар Қызыл-Орда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында әртіс болып қызмет етті. 1989 - 1991 жыл аралығында Ақтөбе телекомпаниясының режиссері. Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының іргесін қалаушыларының бірі, 1992 жылдан театрда еңбек етеді. 60-қа тарта қойылымдарда рольдерді сомдаған. 1992 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы университет жанындағы көп салалы колледжі «Актерлік бөлімінінің» оқытушы.  С.Аманқұлов өнермен бірге спортты да серік еткен жан. Ол каратэдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3-дан.

 

Марапаттары:

-  бірнеше облыстық мәдениет басқармасының, Қазақстан театр қайраткерлері қоғамының Алғыс хатымен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.  

 Тәуелсіздіктің 20 жылдығында ҚР Президентінің жарлығымен

2019 жылы мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

2020 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне-20жыл» мерекелік медалінің иегері;

2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері;

            2021 жылы «Дара» төсбелгісін иегері.

 

  

  АРХИВ: Ойнаған рөлдері:

                          

1.Т. Ахтанов «Күшік күйеу»-Қабанбай, 

2. Б.Жәкиев «Әке тағдыры»-Бекболат,

3.С.Жүнісов «Қызым, саған айтам»-Мұрат,           

4.С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек»-Алтай,

5. Е.Әлімжанов «Тақ талас»-Бастық ,

6.Ә.Тарази «Әлия»-Ерлан,

 7.Ж.Тілепбергенов «Рамазан-Перизат»-Әлібек ,

8.О. Бодықов «Ит өлім»-Акула , 

9.Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»-Шыңғыс , 

10.С. Балғабаев «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек»-Ыспандияр,

11.А.Шамкенов «Қайырымды қаз»-Бай,

12.Е. Әлімжанов «Жан ұран»-Мэлс ,

 13. Қ.Жетпісбаев «Бал мерген»-Қабыл,                 

14.Ш. Құсайынов «Алдар көсе»-Алдар,                       

15.И.Ғайып «Махамбет»-Исатай ,                  

16.М.Мағауин «Әйел махаббаты»-Генерал ,                  

17. Қ.Шаңғытбай,Қ.Байсейтов «Беу, қыздар-ай!»-председатель,                                  

18. Х. Ерғалиев ,М.Ысқақов «Құрманғазы »-Әубәкір ,                            

19.Д.Исабеков «Әпке»-Омар,Жан,                                    

20. Ғ. Мүсірепов «Аңыз ана»-Патша,          

21.С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»-Етікші,                

22.Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш -Баян сұлу»-Қарабай ,       

23. Т.Ахтанов «Ант»-Төле би ,Тәуекелов                                 

24.М. Әуезов «Айман-Шолпан»-Маман , Көтібар,                 

25. Р. Отарбаев «Нашақорлар жайлы новелла»-милиционер,                                 

26. А.Толстой «Буратино немесе ақымақтар елінде»-Карабас-Барабас ,       

27. Ж.Б. Мольер «Скапеннің айласы»-Аргант,  

28. Б,Тәжібаев «Ана жүрегі»-Сәлім,                      

29. М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»-Қобыланды,                                      

30. И.Сапарбай «Ауылдан келген ару»-Қаражан,                 

31. У.Шекспир «Король Лир»-Бургундия королі

32.Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы»-Ерғали,       

33.В.Ежов «Бұлбұлдар түні»-Лукьянов ,                     

34. Б. Майлин «Майдан»-Жігіт ,                              

35. Володин «Қос жебе»-Батыр жігіт,                       

37.И.Оразбеков «Мен ішпеген у бар ма?»-Құнанбай ,     

38. Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»-Мистер Конрад

39. А. Вавилов «»Метранпаж»-Рукосуев                      

40. Еврипид «Медея»-Қария  тағы басқалары