60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Бердібекова Фатима Нұрланқызы

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры

қазақ труппасының артисі

 

Бердібекова Фатима Нұрланқызы

 

МІНЕЗДЕМЕ

 

Бердібекова Фатима Нұрланқызы 2000 жылы тамыздың 6-сы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2016 жылы Шалқар қаласында №1 мектеп- гимназиясын қызыл дипломмен үздік бітірді. 2017 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша білім алып, 2020 жылы қызыл дипломмен сәтті аяқтады. Оқу орнын бітірген жылы жалынды да жас маман Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында еңбек жолын  бастап, бірнеше қойылымдар мен ертегілерде кейіпкерлерді нақышына келтіре ойнап, көрерменнің көзайымына айнала бастады. Әртіс қызметіне берілгендіктен, осы өнерге жауапкершілікпен қарап, тапсырылған қызметпен өзіне жүктелген рольдерді айшықты алып шығуға ұмтылды. Сонымен қатар, Халықаралық «Балауса» фестивалінде театрдың атынан қатысқан У.Шекспирдің «Ричард III» қойылымында Ричардтің  рөлін сомдап, қазылар алқасының  оң бағасын алды.

2021 жылы МТФЛ «ТеArt – Кокше» «Сахна қозғалысы», «Сахна тілі», «Актер шеберлігі» тақырыбында 6 күн оқып, біліктіліктігін арттырды.  2022 жылы «Российский Институт Театрального Искусства-ГИТИС», «Совершенствование профессиональных навыков актера. Управление эмоциями» программасында 4 күн оқып , удостоверение о повышении квалификация алды .

Бүгінгі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Режиссура» мамандығында 1-курс студенті.

  

Сомдаған рөлдері:

1. Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» -  Айткүл

2. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мехрие

3. Р.Отарбаев «Темір Нарком» - Шара Жиенқұлова

4. С.Балғабаев «Арамыз жылып қалар» - Нәзікеш

5. У.Шекспир «Ричард III» - Басты роль  Ричард III

6. Ш.Маман «Арман әлемі»- Қоян

7. Х.е «Жеті лақ және қасқыр» -лақ Ре

8. Б.Майлин «Әйел» драмасы - Айымкүл

9. У.Гибсон «Екеуміз ғана»Гитель

10. Қ.Мұханбетқалиұлы «ТАР КЕЗЕҢ» - Әйел

11.  Qadambas концерт – спектакль

12. «Мұқағали»

13. М.Ирен - «Аң патшасы Арыстан» - Нала

14. Ж.Әлмашұлы «Нарқыз» - Көпшілік сахна

15. М.Әуезов «Айман - Шолпан» - Көпшілік сахна

16.С.Нұржан «Ер Едіге» - Көпшілік сахна

17. Т.Жүженоғлы «Лавина» - Көпшілік сахна

18. Қ.Мұрат «Әбілқайыр хан» - Көпшілік сахна

19. Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» - Көпшілік сахна