60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Ниязова Дана Ерсаиновна

Ниязова Дана Ерсаиновна

МІНЕЗДЕМЕ

Ниязова Дана Ерсаиновна 1998 жылдың 4 қараша айында Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 2016 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Театр өнері» факультетіне түсіп, оны 2020 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, профессор Ерлан Әбділдаұлы Біләл шеберханасында «Драма театр және кино әртісі» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе драма театрының қазақ труппасының әртісі ретінде қабылданды. Еңбек жолын Т.Ахтанов театр сахнасынан бастады.

Ниязова Дана осы уақыт аралығында көптеген рөлдерді сомдап, актерлық шеберлігімен танылған актриса. Дана Ниязова сомдаған кейіпкерлердің бейнесін, бітім болмысын көрерменге шынайы жеткізе біліп, өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қазіргі таңда ортасына сыйлы театрымыздың үлгілі әртісі.

          Ағымдағы рөлдері :

          1. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Нигора

2. Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Сайра

3. Қ.Мұрат «Болашаққа хат» -  Қыздың елесі

4. С.Балғабаев «Арамыз жылып қалар» -  Нәзікеш

5. «Мұқағали»

6. Шыңғыс Маман «Арман әлемі» ертегісі - Тышқан

7. «Жеті лақ ертегісі» - Ми лақ

8. С.Нұржан « Ер Едіге» -  Көпшілік сахна

9. М.Әуезов «Айман - Шолпан»  -  Көпшілік сахна

10. Т.Ахтанов «Боран» - Жаңыл

11. Бейімбет Майлин «Әйел» - Қырмызы

12. Qadambas концерт – спектакль

13. Қ.Мұрат «Әбілқайыр хан» - Көпшілік сахна

14. У.Шекспир «Ричард III» - Леди Анна

15. М.Ирен «Аң патшасы - Арыстан» - Көпшілік сахна

 

Рөлдері :

1. «Алдар көсе ертегісі» - Маша

2. Ж.Әлмашұлы «Нарқыз» - Көпшілік сахна

3. М.Әуезов «Ерназар Бекет» - Көпшілік сахна