60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Айнагүл Өлмесекова

Өлмесекова Айнагүл Өзбекқызы 1974 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан облыстық М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің «Режиссура» факультетін бітірген. Т.Ахтанов атындағы  облыстық драма театрында 1994 жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Аталған мерзім ішінде 60 жуық қойылымдарда рольдерді сомдап, соның ішінде 25 басты бейнені сахнаға шығарды.

Пластикаға бай әртіс тұлғасы мен әншілік дауысы Айнагүлді өз қатарластарынан ерекшелендіріп тұрады. Көрікті жүзі, әсем дауысы, өз рөлінің ерекшеліктері мен ішкі мінезін, сыртқы пішімін терең зерттеп беріле ойнайтындығы көрермендерден өз бағасын алуда. Айнагүл ізденімпаз, талғампаз, талапшыл, сұлулықты жаны сүйеді. Өзіне берілген рольдерді сомдар алдында барлық жағынан  жауапкершілікпен қарап, көрермендер көңілінен шығуға талаптанады. Сонымен қатар, балаларға арналған қойылымдарда да ерекше көзге түсіп, өзін басқа қырынан таныта білді.

Әншілік және жүргішізушілік қабілетімен  қала, облыс, республикалық деңгейлердегі мәдени іс-шараларға қатысып, құрметке бөленіп жүр.

2017 жылдың 7 наурызында Алматы қаласы, Республика сарайында өткен ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованың «Анаға тағзым» атты мерекелік концертіне қатысты. 

 

Ойнаған рольдері:

  • М.Әуезов «Айман-Шолпан»  Теңге
  • Т.Ахтанов «Ант» (Бәтима) – Бопай қыз
  • М.Мағауин «Әйел махаббаты»  Зия
  • М.Хасанов «Пай,пай, жас жұбайлар-ай»  Зәуреш
  • С.Балғабаев «Әйелдер әлемі» – Күлімкөз
  • Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Баян
  • М.Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы»  Оксана
  • Б.Тәжібаев «Ана жүрегі»  Алма
  • Т.Ахтанов «Күшік күйеу»  Ботка
  • О.Бодықов «Ит өлім» – Рокшана
  • Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» – ана
  • С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора
  • Д.Исабеков «Әпке» – Нәзила
  • Х.Ерғалиев «Құрманғазы» – Айжан
  • Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай!» – Нұрсұлу
  • Ж.Б.Мольер «Скапеннің айласы» – Гиацинта
  • У.Шекспир «Король Лир» – сайқымазақ
  • С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» – Ақмарал
  • И.Сапарбай «Ауылдан келген ару»  Гүлдана
  • С.Лобозеров «Жындыханадан келген мейман»  Айгүл
  • М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» – Құртқа
  • Ж.Тілепбергенов «Рамазан - Перизат»  Салиха
  • В.Ежов «Бұлбұлдар түні»  Нина
  • Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы» – Миссис Чарльтон
  • М.Мақатаев «Арпалыс»  биші
  • И.Саввин «Көшедегі пақырды, әкім бол деп шақырды»  Кармен
  • Қ.Жүнісов «Махаббат мелодрамасы»  Нұржамал
  • А.Вампилов «Метранпаж»  Виктория
  • С.Балғабаев «Махаббат соты» – Гаухар           
  • Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» – Евгения
  • Т.Ахтанов «Махаббат мұңы»  Салиха
  • Н.Жұбатқан «Командос»  Қарашаш
  • Ж.Ерғалиев «Есігімді қаққан кім?!»  келін
  • Ж.Б.Мольер «Еріксіз емші» – Мартина

АРХИВ: Ойнаған рөлдері:

  • «Арман әлемі» - Түлкі

  • «Жеті лақ және қасқыр» - 1-жүргізуші

 

Балалар ертегісінде:

  • С.Жүнісов «Үйшік» – тышқан
  • Л.Толстой «Буратино» – бақа, шегіртке
  • О.Байсеңгір «Наурыз гүл» – Самат
  • Л.Шәріпова «Шығыс ертегісі»  Сая
  • Ш.Құсайынов «Алдар Көсе» – Қарашаш
  • Ж.Перро «Күлбикеш» – Марианна
  • К.Жетпісбаев «Бала мерген»  Аққанат
  • А.Шамкенов «Қайырымды қаз» – қаз
  • Г.Андерсен «Қар ханым»  Герда
  • В.Орлов «Алтын шөжек»  түлкі
  • Қ.Қасымов «Жылатпайық шыршаны»  тиін
  • Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар»  Ақшақар
  • В.Гауф «Құрттай Мұқатай»  биші
  • С.Мақұлбеков «Қаңбақ шал»  түлкі
  • А.Линдгрен «Карлсон және балақай»  Рулле
  • С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» – Тусик

 

Жетістіктері:

  • 2005 жылы  облыстық мәдениет басқармасының «Ең үздік әйел» рөлі номинациясымен;
  • 2010 жылы облыстық мәдениет басқармасының  «Құрмет Грамотасымен»;
  • 2011 жылы облыстық «Мисс-2011» байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен;
  • 2011 жылы облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен;
  • 2012 жылы облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет грамотасымен»;
  • 2014 жылы облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы әкімінің сыйлығымен;
  • 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл» медалімен;
  • 2017 жылы мәдениет пен өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР мәдениет және спорт министрлігі А.Мұхамедиұлының арнайы «Алғыс хатымен»;
  • 2017 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының  «Алғыс хатымен» марапатталды.