60-й театральный сезон русской труппы

34-й театральный сезон казахской труппы

Казахская труппа Шалқия Бақытжанова

Бақытжанова Шалқия Ауғанбайқызы 1951 жылы 25 шілде күні Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Мұсабек атындағы совхозда дүниеге келген. 1958 жылы мектеп табалдырығын аттап, сол мектепті 1968 жылы үздік бітіріп, 1970 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрдың жанындағы 2 жылдық театр студиясында білім алған. 1972 жылы бітіріп, Мәдениет министрлігінің жолдамасымен 1972-1996 жылдар аралығында Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актриса болып еңбек жолын бастаған. 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының әртісі болып жұмыс жасауда.

Шалқия Бақытжанованың көркем келбеті, ашық дауысы, техникалық шеберлігі өз көрермендерін үнемі баурап отырады. Әр рольді терең оқып-зерттеп, пластикалық-интонациялық қабілеттерін шебер пайдалана біледі. Рольдердің жанрлық ерекшеліктерін терең біліп, орынды игереді. Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова белгілі сахна шебері ретінде, бүгінгі таңда театрдағы кейінгі толқын-жас буын әртістеріне сахна өнерінің сыры мен қырын ашып, өз шығармашылық тәжірибесімен бөлісіп, тәлімгерлік жасап, жаңа бейнелерді сомдауда. Ұжымда өзіндік орны бар беделді азаматшалардың бірі. Қажет кезінде қатаң талап қойып, сахна мәдениетін, тәртібін сұрап отыратын Шалқия Ауғанбайқызын жастар да, өзі қарайлас қатарластары да қатты қадірлеп, құрмет тұтады. Өзі кездестірген, бірге сахнада әріптес болған қазақтың белгілі әртістерінің өмір жолын, жеткен табыстарын, сахнадағы шеберліктерін айтып, тәрбиелеуді, өз тәжірибесімен бөлісуді өзінің міндеті деп санайды. Театр сахнасындағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері атанып, еліміздің жоғары наградаларының бірі «Құрмет» орденімен марапатталды. Шалқия  Бақытжанова  театр сахнасында 40 жылдан астам  уақыт бойы сахнадағы биік миссиясын талғампаздықпен атқарып, қазақ аналарының жарқын бейнесін кемеліне келтіре  бейнелеп, көрермендердің шынайы алғысына бөленді.

 

Ойнаған рольдері:

  • М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қарлығаш
  • Қ.Мұхаметжанов «»Бөлтірік бөрі астында» – Жәмилә
  • Ш.Айтматов, Қ.Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу» – Алма
  • Т.Әлімқұлов «Қызыл түлкі» – Бағила
  • Ш.Айтматов «Бетпе-бет» – Фатима
  • У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Ипполита
  • Ш.Мұртаза «Қара маржан» – Мәрзия
  • Ш.Мұртаза, Қ.Ысқақов «Революция сарбаздары» – Наталья
  • Е.Әлімжан «Бір қазаққа бір қатын» – Шөпкүл
  • Қ.Найманбаев «Ерлі-зайыптылар» – Балым
  • С.Досанов «Дауыл» – Рымкеш
  • М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Теңге
  • Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Биғайша
  • Т.Ахтанов «Ант» – Бәтима
  • Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу» – Ғайни
  • Т.Ахтанов «Арыстанның сыбағасы» – қартаң әйел
  • Е.Әлімжан «Жан ұран» – Долларгүл
  • Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Мақпал
  • Ғ.Мүсірепов «Аңыз ана» – қайсар ана
  • И.Ғайып «Махамбет» – ана
  • Б.Тәжібаев «Ана жүрегі» – ана
  • Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» – Дәметкен
  • С.Балғаабаев «Әйелдер әлемі» – Динараш
  • Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» – ана
  • Т.Минуллин «Аналар мен сәбилер» – Вайзыфа, бас дәрігер
  • Д.Исабеков «Әпке» – Әпке
  • М.Мағауин «Әйел махаббаты» – дәрігер
  • Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу
  • Х.Ерғалы, М.Ысқақ «Құрманғазы» – Алқа
  • Ж.Мольер «Скапеннің айласы» – күтуші әйел
  • С.Асылбеков «Желтоқсан түні ызғарлы» – Балым
  • И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл
  • М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобланды» – Көклаң
  • У.Шекспир «Король Лир» – Гонерилия
  • С.Раев «О,Қыздар!» – комендант әйел
  • Ү.Байжомартов «Алтын түйменің азабы» – Фариза
  • Т.Мәндібай «Құрдастар» – Айғаным

 

Балалар ертегісінде:

  • Н.Абрамцева «Шақырады Ақшақар» – мыстан
  • С.Балғабаев «Жымбала, Мико және қасқыр» – мұғалім
  • А.Толстой «Буратино» – аспазшы
  • О.Бәйсеңгір «Жақсылық пен жамандық» – жезтырнақ
  • А.Шамкенов «Қайырымды қаз» – кемпір
  • М.Мырзағұл «Ақша қар»
  • Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» – Ақбалдақ
  • Ж.Перро «Күлбикеш» – ана
  • Е.Төлеубай «Жыл он екі ай» – сиыр
  • Қ.Сәттібайұлы «Күнге ғашық өлкеде» – тотықұс
  • А.Линдгрен «Карлсон мен балақай» – үй күтуші
  • И.Коляда. «Қар ханым» – қар ханым
  • Н.Жұбатқан «Көжектің көжесі» – кемпір
  • Н.Коляда «Аязхан» – ана
  • Қазақ халық ертегісі «Қаңбақ шал» – кемпір                           

 

Марапаттары:

  • 1975 жылдан бері Қазақстан Театр қайраткерлер Одағының мүшесі.
  • 2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің 100 жылдығына орай Х-Республикалық театр фестивалінде «Аңыз ана» қойылымындағы Ана образы үшін «Үздік ана» лауреатына ие болды.
  • 2007 жылы облыс әкімі сыйлығымен марапатталды.
  • 2009 жылы Қырғызстан Республикасының мәдениет қайраткері.
  • 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен наградталды.
  • 2015 жылы облыс әкімінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.