Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

BALAUSA

 

Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалі

 

Фестивальді ұйымдастырушы: Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.

            Фестиваль құрылтайшысы: облыс әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

            Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Театр өнерін дамыту және танымал ету, көрермендердің назарын театрлық шығармашылыққа аудару.

- театр шығармашылық топтарының әлеуетін қолдау және дамыту, жаңа буынның қалыптасуына және шығармашылық бастамасын ынталандыру.  

- театр өнерін дәріптеу, театр мәдениетін өзара байыту және заманауи театр әлемінің шығармашылығымен таныстыру, театр ұжымдары арасында  қатынасты нығайта отыра, олардың  тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Фестиваль тарихынан:

- 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Республикалық жастар және студенттік театрлары арасындағы алғаш рет «Балауса» фестивалі ұйымдастырылды;

-2017 жылдың сәуір айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан драма театрлары арасындағы II Республикалық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді;

-2018 жылы сәуір айында Астана қаласының 20 жылдығына және Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді.

- 2019 жылы сәуір айында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған драма театрлар арасында Халықаралық ІV «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.

            - 2022 жылдың 20-25 сәуір күндері Халықаралық V «Балауса» экспериментальды спектакльдер фестивалі өткізілді.

 

Бірінші фестиваль

Екінші фестиваль

Үшінші фестиваль

Төртінші фестиваль

Бесінші фестиваль