Орыс труппасының 60-шы театр маусымы

Қазақ труппасының 34-ші театр маусымы

ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫ

 30 қыркүйек 2023 жылы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған ІІ Республикалық үздік драматургия байқауына жолдаған 21 шығарманың анықталған жеңімпаздары марапатталды.  Республикалық үздік драматургия байқауы биыл екінші рет өткізілді. Байқау 2023 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жабық режимде өтті. Пьесалар Ақтөбе облыстық драма театрының поштасына қабылданды. Байқауға бұған дейін еш жерде жарияланбаған, театр сахнасында қойылмаған, заңды және жеке тұлғалар сатып алмаған қазақ және орыс тілдеріндегі түпнұсқа пьесалар қабылданды. Эксперт-сарапшылар пьесаларды онлайн түрде және автордың тегі көрсетілмеген сандық ретпен сараптады. 

Конкурсқа келіп түскен шығармалардың жалпы саны – 21. Соның ішінде: Балаларға арналған пьесалардың жалпы саны -7;  Жасөспірімдерге арналған пьесалардың жалпы саны – 14.

 Байқауға келіп түскен шығармаларды сараптаған М.Амангелді  - өнертану кандидаты, доцент (төраға); М.Қолғанат - драматург,  Роза Мұқанова - жазушы, драматург. Қорытынды бойынша үздік деп танылған пьесаларды  анықтап жеңімпаздарды марапаттады.

Балаларға арналған ертегі (5 тен 10 жасқа дейін) номинациясы бойынша:

1 – орын: М.Төле «Төремұрат батыр» ертегі. Алматы қ., 2 – орын: А.Аламан  «Саяхатшы достар» ертегі.Алматы қ., 3 – орын: Ж.Еркінұлы «Кафка мен кішкентай қыз» ертегі. Астана қ..

Жасөспірімдерге арналған драма (18 жасқа дейін) номинациясы бойынша:

        1 – орын: Қ.Ақжол «Пирамида» драма. Алматы қ., 2 – орын: А.Қазыбек «Әскердегі күнделік» драма.Астана қ., 3 – орын: С.Алтаев «Өзіңе өмір сыйла» драма. Шымкент қ.

 

Пьеса  Әскердегі күнделік

Пьеса _Пирамида_

Пьеса Кафка мен кішкентай қыз

Пьеса Өзіңе өмір сыйла

Пьеса САЯХАТШЫ ДОСТАР

Пьеса ТӨРЕМҰРАТ БАТЫР